ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИШЕМИЯЛЫҚ ЖҮРЕК АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢАНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН БАҒАЛАУ:БІР ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ, ПРОСПЕКТИВТЫ КӨЛДЕНЕҢЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/ztj23273Кілт сөздер:
коронарлы тамырлардың көлемі , миокардтың массасы , ишемиялық жүрек ауруыАңдатпа
Актуальность: Ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА) әлем бойынша өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып
қала береді. ИЖА-сы бар науқастарда атеросклероздың әсерінен тамырлардың кеңістігі бірте-бірте тарылып, жүрекке
қан жеткізу мен миокардтың оттегіге деген қажеттілігі арасында теңсіздік пайда болады. ИЖА-ны диагностикалау үшін
сцинтиграфия және позитрон-эмиссионды томография (ПЭТ) сияқты инвазивті емес әдістер кеңінен қолданылады.
Инвазивті коронарлы ангиография (ИКА) ұзақ уақыт бойы ИЖА диагностикасының "алтын стандарты" болып саналды.
Дегенмен, зерттеулер ИКА арқылы анықталатын стеноз дәрежесі әрдайым зақымданудың функционалды
маңыздылығымен сәйкес келмейтінін көрсетті. Зерттеуіміздің мақсаты – коронарлы тамырлардың көлемі, ұзындығы
және диаметрі, миокардтың массасы (ММ) және бой, салмақ, дене массасы индексі, дене бетінің ауданы, жасы және
жыныс сияқты антропометриялық көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстарды зерттеу болды.
Әдістері: 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың қаңтарына дейін «Павлодар облыстық кардиология
орталығында» стационарлық емдеу алған 18 жастан асқан 654 науқастың медициналық тарихтары талданды. Барлық
науқастарға консервативті ем берілді және Д-КАГ жүргізілді.
Нәтижесі: Зерттеу барысында коронарлы тамырлардың көлемі мен миокардтың массасы, миокардтың массасы мен
науқастың салмағы, науқастың бойы мен коронарлы тамырлардың ұзындығы арасында айтарлықтай оң корреляция
байқалды (p <0,05). Дегенмен, коронарлы тамырлардың көлемі, диаметрі мен басқа антропометриялық көрсеткіштер
(дене массасы индексі, дене бетінің ауданы) арасында байланыс анықталған жоқ (p> 0,05).
Қорытынды: Осылайша, біздің зерттеуіміз коронарлы тамырлардың өлшемдері науқастың антропометриялық
көрсеткіштерімен тығыз байланысты екенін көрсетті.
Әдебиеттер тізімі
Antikeev A.M., Abiltayev. A.M., Abiltayeva A.A., Tleuova A.K., Izguttinov D.E. Assessment of
Anthropometric Characteristics in Patients with Coronary Artery Disease in Kazakhstan: Data from a Prospective CrossSectional Study, Single-Center Experience // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (5), С.63-69.
doi 10.34689/SH.2025.27.5.008
Антикеев А.М., Абильтаев А.М., Абильтаева А.А., Тлеуова А.К., Изгуттинов Д.Е. Қазақстандағы
ишемиялық жүрек ауруы бар науқастардың антропометриялық сипаттамаларын бағалау: бір орталықтың тәжірибесі,
проспективты көлденең зерттеу деректері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (5), С.63-69. doi
10.34689/SH.2025.27.5.008
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Алмаз Антикеев, Аскар Абильтаев, Айжан Абильтаева, Асель Тлеуова, Думан Изгуттинов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.