ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ТАРАЛҒАНКӨПТІК ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ M.TUBERCULOSISШТАММДАРЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/w1v1bz07Кілт сөздер:
туберкулез , сполиготиптеу , көптік дәріге төзімділікАңдатпа
Қазақстанда туберкулез ауруының көрсеткіштері жылдан жылға төмендеуіне қарамастан, дәріге төзімді
туберкулездің кең таралуы туберкулезге қарсы күреске қауіп төндіруде. Әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне сәйкес
W-Beijing M.tuberculosis генотипі дәрілік төзімділік пен туберкулездің ауыр формаларымен ассоциацияланған.
Жұмыстың мақсаты: изониазид пен рифампицинге M.tuberculosis дәрілік төзімділігін анықтайтын katG гені, fabGinhA, oxyR-ahpC промоторлық аймақтары мен rpoB геніндегі мутациялар спектрін, және 103 мультирезистентті
M.tuberculosis клиникалық изоляттарының генетикалық тұқымдастарын сәйкесінше Сэнгер әдісі мен сполиготиптеу
әдісімен бағалау және анықтау. Қазақстандағы 103 көптік дәріге төзімді M.tuberculosis штаммдарының арасында
сәйкесінше рифампицин мен изониазидке төзімділікті анықтайтын rpoB генінің 531 кодонындағы мутация Ser→Leu
(87,4%) және katG генінің 315 кодонындағы мутация Ser→Thr (97%) басымдылық көрсетті. Көптік дәріге төзімді
M.tuberculosis штаммдарының 80% көбі ең вирулентті, дүниежүзінде кең таралған Beijing генотипіне жататыны
анықталды. Beijing M.tuberculosis тұқымдасының штаммдары Қазақстанда таралған мультирезистентті және дәріге
төзімді штаммдар арасында басым.
Әдебиеттер тізімі
Ахметова А.Ж., Акильжанова А.Р., Молкенов А.Б., Каиров У.Е., Бисмилда В.Л., Чингисова Л.Т., Кожамкулов У.А.
Молекулярная характеристика мультирезистентных штаммов M.TUBERCULOSIS, циркулирующих на территории
Казахстана // Наука и Здравоохранение. 2019. 5 (Т.21). С. 45-52.
Аkhmetova A.Zh., Akilzhanova A.R., Molkenov A.B., Kairov U.E., Bismilda V.L., Chingissova L.T., Kozhamkulov U.A.
Molecular characterization of multidrug resistant M.TUBERCULOSIS strains distributed in the territory of Kazakhstan //
Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 5, pp. 45-52.
Ахметова А.Ж., Акильжанова А.Р., Молкенов А.Б., Каиров У.Е., Бисмилда В.Л., Чингисова Л.Т., Кожамкулов У.А.
Қазақстан территориясында таралған көптік дәріге төзімді M.TUBERCULOSIS штаммдарының молекулалық
сипаттамасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 45-52.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айнур Ахметова, Айнур Акильжанова, Асхат Молкенов, Улыкбек Каиров, Венера Бисмилда, Ляйля Чингисова, Улан Кожамкулов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.