МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕМЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН ЫНТАЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/44wjhr46Кілт сөздер:
мейірбике ісі , мейірбике , мейірбикелік күтімАңдатпа
Кіріспе: Қазақстанда мейіргер қызметін ұйымдастыру деңгейі төмен және мейіргер қызметтерін басқару
тәсілдерінде айтарлықтай өзгерістер мен жақсартуларды талап етеді. Қазақстан Республикасында медбикелер
дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрігерге ассистент жасауды ғана орындайды және тәуелсіз мейірбикелік
тәжирибені жүзеге асырмайды. Осыған байланысты, Қазақстанда 2018 жылғы шілдеде Денсаулық сақтау
ұйымдарында мейіргер қызметінің жаңа моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.
Зерттеу мақсаты: мейірбике қызметін дамытудың халықаралық және отандық тәжірибесін зерттеу.
Іздеу стратегиясы: PubMed, Google Scholar, Cochrane Library, Web of Science, Scopus сияқты ғылыми
жарияланымдардың және мамандандырылған іздеу жүйелерінің деректер базасын пайдалана отырып, 30 жыл
ішінде көпшілікке қолжетімді, тереңдіктегі мақалалар зерделенді.
Зерттеу нәтижелері: Созылмалы аурулардың ауыртпалығы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі
үшін маңызды экономикалық және клиникалық проблема болып табылады. Американдық медбикелер
қауымдастығының мәліметтері бойынша, медбикелердің 90% - ы созылмалы аурулары бар науқастарға алғашқы
медициналық көмек деңгейінде көмек көрсетуде рөл атқаруға үйретілген. Қазақстанда бұл тәсілді біртіндеп
кеңейтілген тәжирибедегі медбикелер қолданады. Кеңейтілген тәжирибедегі медбике- Мейірбике ісі саласындағы
орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейірбике күтімі шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге
асыратын маман. Медбикелер үшін бакалавриат бағдарламаларын дамытуға баса назар аудару ауруханаларда
алдын алуға болатын өлім-жітімнің санын азайтуы мүмкін.
Қорытынды: Осылайша, Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті реформалау шеңберінде
практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлердің әлеуетін одан әрі дамыту үшін негіз дайындалды.
Бұл тауашаны Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті ілгерілетумен тікелей айналысатын мейіргерлер
қауымдастығы иеленуге тиіс.
Әдебиеттер тізімі
Сыдыкова Б.Қ., Умбетпаев А.Т., Зауре А. Байгожина, Хисметова З.А., Самарова У.С., Сарсенбаева Г.Ж.,
Елисинова А.М., Смаилова Д.С. Стимулирование профессионального развития медицинских сестер как способ
повышения качества медицинской деятельности // Наука и Здравоохранение. 2021. 4(Т.23). С. 199-207. doi
10.34689/SH.2021.23.4.022
Sydykova B.K., Umbetpayev A.T., Baigozhina Z.А., Khismetova Z.A., Samarova U.S., Sarsenbayeva G.Z.,
Yelissinova A.M., Smailova D.S. Stimulating the professional development of nurses as a way to improve the quality of
medical practice // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 4, pp. 199-207. doi
10.34689/SH.2021.23.4.022
Сыдыкова Б.Қ., Умбетпаев А.Т., Зауре А. Байгожина, Хисметова З.А., Самарова У.С., Сарсенбаева Г.Ж.,
Елисинова А.М., Смаилова Д.С. Медициналық қызметтің сапасын арттыру тәсілі ретінде мейірбикелердің кәсіби
дамуын ынталандыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 199-207. doi 10.34689/SH.2021.23.4.022
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Бибінұр Сыдыкова, Алмас Умбетпаев, Зауре Байгожина, Зайтуна Хисметова, Умутжан Самарова, Гульзат Сарсенбаева, Айнур Елисинова, Дарига Смаилова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.