SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖОҒАРҒЫ ҚАБАҚ БЛЕФАРОПЛАСТИКАСЫ: ЫҚТИМАЛЭСТЕТИКАЛЫҚ АСҚЫНУЛАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/3m728z16

Кілт сөздер:

жоғарғы қабақ блефаропластикасы , азиаттық блефаропластика , эстетикалық асқынулар , жоғарғы қабақтың эстетикалық операциясы

Аңдатпа

Өзектілігі. Шолу жоғарғы қабақ хирургиясын жасататын науқастарда кездесуі ықтимал эстетикалық
асқынуларды талқылауға арналған.
Мақсаты: жоғарғы қабақ блефаропластиканы орындау кезінде мүмкін болатын эстетикалық асқынулар
мәселелеріне қатысты әдебиет көздерін зерттеу болып табылады.
Іздеу стратегиясы. Жоғарғы қабақ блефаропластикадағы кездесетін эстетикалық асқынуларға қатысты
мағлұматтарды іздеу индекстелген Pubmed, Web of Science, Scopus деректер базасында, сондай-ақ e-Library
дерекқорларында жүргізілді. Менделей библиографиялық редакторы пайдаланылды. Ағылшын тіліндегі мақалалар
қарастырылды. Іздеу тереңдігі 10 жылды қүрады. Іздеуде қолданылған сөздер келесідей болды: жоғарғы қабақ
блефаропластикасы; Азиаттық блефаропластика; эстетикалық асқынулар; қабақтың эстетикалық операциясы.
Барлығы 167 әдебиет көзі табылды, оның ішінде 47 басылым әрі қарай талдау үшін таңдалды.
Нәтижелер. Жоғарғы қабақтың эстетикалық операциясынан кейінгі жағымсыз әсерлерді функционалды,
эстетикалық немесе екеуінің комбинациясы деп қарастыруға болады. Жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейінгі
эстетикалық асқынуларға мыналар жатады: жоғарғы қабақтың асимметриясы, үстіңгі қатпардың асимметриясы,
бірнеше қатпарлар, қатпардың әлсіреуі немесе жоғалуы, деформация және шамадан тыс жоғары орналасқан көз
қатпары, дөңгелек көздер, қабақтың тартылуы, блефароптоз, латеральды кантустың дөңгелектенуі, көрінетін
тыртықтар, медиальды артық тері, сезімталдықтың өзгеруі, жоғарғы қабақтың ісінуі, кисталар мен гранулемалар
т.б. барлығы жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейін кездесетін, операциядан кейінгі эстетикалық проблемалар
болып табылады. Осы шолуда әрбір мәселе жеке, егжей-тегжейлі талқыланады.
Қорытынды. Жоғарғы қабақ блефаропластикасында кездесетін эстетикалық асқынуларды мұқиятты түрде
талдау кері әсерлердің алдын алады, сонымен қатар отадан кейінгі нәтижені, пациенттің қанағаттануын
жақсартады. Осы талдауды терең және мұқиятты түрде зерттеу жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейінгі
пациенттерді периоперациялық қадағалау әдістерін жақсартуға көмектеседі.

Автор өмірбаяны

  • Айна Досан

    Докторант кафедры Эпидемиологии, доказательной медицины и биостатистики, Казахстанского
    медицинского университета «Высшая школа общественного здравоохранения», г. Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Досан А., Джумабеков А., Доскалиев А., Нурмаганов С. Верхняя блефаропластика: возможные эстетические

осложнения. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 2(Т.25). С. 197-205. doi 10.34689/SH.2023.25.2.026

Dossan A., Dzhumabekov A., Doskalyiev A., Nurmaganov S. Upper blepharoplasty: possible aesthetical complications.

Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 2, pp. 197-205. doi

10.34689/SH.2023.25.2.026

Досан А., Джумабеков А., Доскалиев А., Нурмаганов С. Жоғарғы блефаропластика: ықтимал эстетикалық

асқынулары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 197-205. doi

10.34689/SH.2023.25.2.026

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-13

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.