SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖЕТІЛМЕГЕН ТҰРАҚТЫ ТІСТЕРДІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АПИКАЛЬДЫПЕРИОДОНТИТІ КЕЗІНДЕ АПИКАЛЬДЫ БАРЬЕРҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КАЛЬЦИЙ ГИДРОКСИДІ, МТА ЖӘНЕБИОДЕНТИН ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫСАРАПТАМАСЫ

Авторлар

  • Мадина Курманалина Автор
  • Айгуль Суманова Автор
  • Виолетта Деточкина Автор
  • Жанара Шабанбаева Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/r34xm964

Кілт сөздер:

апикалды периодонтит , апексификация , жетілмеген тұрақты тістер , кальций гидроксиді , МТА , Биодентин

Аңдатпа

Кіріспе. Созылмалы апикалды периодонтит тұрақты тістер түбірлерінің дамуы мен қалыптасуын тежейтін
балалар эндодонтиясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Апексификация - түбір ұшы ашық жетілмеген
тұрақты тістерді емдеудің маңызды әдісі болып саналады.
Мақсаты: Некроздалған жетілмеген тұрақты тістердің апексификациясының клиникалық және рентгенологиялық
жетістігінде кальций гидроксиді, МТА және Биодентиннің тиімділігі мәселесі бойынша әдебиетті сараптау.
Ізденіс стратегиясы. Ізденіс Pubmed, Web of Science, Scopus, eLibrary, Cochrane Library, Google Scholar, Research
Gate дерекқорларында 2012 - 2022 жылдар аралығындағы ағылшын мен орыс тілдеріндегі рандомизацияланған
бақыланатын сынақтар, перспективалық және ретроспективті зерттеулер жүргізілді. Келесі бөлімдер үшін негізгі
сөздер қолданылды: патология: «апикалды периодонтит», «жетілмеген тұрақты тістер»; емдеу: «апексификация»;
препараттар: «кальций гидроксиді», «МТА», «Биодентин»; зерттеулер: «рандомизацияланған бақыланатын сынақ».
Талдауға барлығы 7 толық мәтінді зерттеу енгізілді.
Нәтижелер. Әдебиеттің сараптамасы Биодентин клиникалық және рентгенологиялық тұрғыдан науқастың келу
жиілігін бір қабылдауға дейін шектейді, 12 минут ішінде өзек ішінде қатайып, бір сатылы обтурацияға мүмкіндік
беретін, ең тиімді қолданыс сипаттарына ие екендігін көрсетті. МТА тіс кіреукесінің қараюын тудырғанымен, ақ MTA
модификациясы айтылған кемшіліктерді жасырады. Кальций гидроксиді - күні бүгінге дейін шетелде де, Қазақстан
Республикасында да кеңінен қолданылатын апексификацияға арналған бюджеттік әрі тиімді шешім болып табылады.
Қорытындылар. Ұсынылған үш апексификациялық материалдардың ішінде Биодентин мен MTA клиникалық
және рентгенологиялық тұрғыдан ең тиімді материалдар болып табылады. Кальций гидроксиді бірнеше кемшіліктері
болғанымен, таңдамалы препараттардың бірі ретінде қолданысқа ие.

Автор өмірбаяны

  • Мадина Курманалина

    PhD, доцент кафедры хирургической и детской стоматологии НАО «ЗападноКазахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова», г. Актобе, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Курманалина М.А., Суманова А.М., Деточкина В.Р., Шабанбаева Ж.А. Сравнительный анализ гидроокиси кальция,

МТА и Биодентина в создании апикального барьера в несформированных корнях постоянных зубов при хроническом

апикальном периодонтите // Наука и Здравоохранение. 2023. 4(Т.25). С. 258-269. doi 10.34689/SH.2023.25.4.031

Kurmanalina M.A., Sumanova A.M., Detochkina V.R., Shabanbayeva Zh.A. Comparative analysis of calcium hydroxide,

MTA and Biodentine in formation an apical barrier in immature permanent teeth with chronic apical periodontitis // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 4, pp. 258-269. doi 10.34689/SH.2023.25.4.031

Курманалина М.А., Суманова А.М., Деточкина В.Р., Шабанбаева Ж.А. Жетілмеген тұрақты тістердің созылмалы

апикальды периодонтиті кезінде апикальды барьер қалыптастырудағы кальций гидроксиді, МТА және Биодентин

препараттарының салыстырмалы сараптамасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 258-269. doi

10.34689/SH.2023.25.4.031

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.