SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/xceg4164

Кілт сөздер:

жетілмеген остеогенез , телескопиялық сүйекішілік өзектер , хирургиялық ем , балалар

Аңдатпа

Өзектілігі. Жетілмеген остеогенез (ЖО)- 1 типті коллаген өндірілуінің бұзылысымен жүретін генетикалық аурудың
клиникалық көрінісі. Науқастарда рецидивті сынулар, сонымен қатар ұзын сүйектер мен қаңқа осінің деформацияларына
дейін өршитін қаңқаның маңызды құрылымдық өзгерістері байқалады. ЖО бар науқастар сүйектерінің сынуынан,
буынның жоғары қозғалғыштығынан және жұмсақ тіндердің әртүрлі ақауларынан зардап шегеді. Сынық
деформациялары жиі хирургиялық түзетулерді қажет етеді, ең жиі көрсетілген емдеу сүйекішілік өзектермен іске
асырылады. Сүйекішілік бекітуді қолдану арқылы ұзын сүйектердің деформацияларын түзету мен келешек сынулардың
алдын алуға бағытталған шаралар қарқынды дамып келеді. Бүгінге дейін телескопиялық сүйекішілік құрылғылардың
әртүрлі жүйелері құрастырылды, әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктер мен техникалық қиындықтарға ие. ЖО бар
науқастарға хирургиялық ем қиын міндетті жүктейді. ЖО бар науқастың жағдайын жақсартуға бейімделген
телескопиялық импланттарды орнату арқылы кездесуі ықтимал асқынуларды алдын алуға әрекет жасаған жөн.
Мақсаты. Қазіргі заманғы әдебиеттерде жарияланған балалардағы ЖО хирургиялық жолмен емдеуді іске
асыру бойынша туындаған өзекті мәселелерді саралау.
Іздеу стратегиясы. ЖО бар балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған хирургиялық ем бойынша қазіргі таңда
қолданылатын әдістер мен ұсыныстарға байланысты ағылшын және орыс тілдеріндегі толық мәтінді басылымдар
зерттелді. Әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйелері қолданылды: Pubmed, Web of science, Cyberleninka,
Google. Scholar түйінді сөздер бойынша сараптама жүргізілді. 2014-2022 жылдар аралығындағы жарияланған жұмыстар
зерттеліп, таңдалды. Деректер көзінің басым бөлігі шет елдік және ағылшын тілінде болды. Осы тақырып бойынша 120
шамасында басылым анықталды. Олардың ішінде біздің зерттеуіміздің мақсатына 83 мақала сәйкес келді. Қосу
критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең
зерттеулер. Шығару критерийлері: қысқаша есептер, газет мақалалары және жеке хабарламалар.
Нәтижелер мен қорытындылар. Қазіргі заманда ғылымның дауына сай балалардағы ЖО хирургиялық
емдеуде телескопиялық сүйекішілік бекіту құрылғыларымен ұзын сүйектердің деформацияларын түзету мен
келешек сынулардың алдын алуға бағытталған емдеу тәсілдері қарқынды дамып келеді. Алайда, құрылғыларды
орнатудан кейінгі кездескен асқынуларды ескере, келешек телескопиялық сүйекішілік импланттар ЖО бар
балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға және болуы мүмкін асқынулардың алдын алуға негізделуі керек. 

Автор өмірбаяны

  • Алтынгуль Хасенқызы

    «Астана Медицина Университеті» КеАҚ, Балалар хирургиясы кафедрасы, Астана қ.,
    Қазақстан Республикасы.

Әдебиеттер тізімі

Хасенқызы А., Досанов Б.А., Досанова А.К. Балалардағы жетілмеген остеогенезді хирургиялық емдеу кезінде

қолданылатын заманауи сүйекішілік телескопиялық құрылғыларды қолданудың өзекті мәселелері. Әдебиеттік

шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б. 199-208. DOI 10.34689/SH.2023.25.5.026

Khassenkyzy A., Dossanov B.A., Dossanova A.K. Actual problems of the use modern intramedullary telescopic rods used

in the surgical treatment of osteogenesis imperfecta in children. Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].

2023, (Vol.25) 5, pp. 199-208. DOI 10.34689/SH.2023.25.5.026

Хасенқызы А., Досанов Б.А., Досанова А.К. Актуальные проблемы применения современных интрамедуллярных

телескопических устроиств, применяемых при хирургическом лечении несовершенного остеогенеза у детей. Обзор

литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 5(Т.25). С. 199-208. DOI 10.34689/SH.2023.25.5.026

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.