SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ТҮЙІНДІ ТҮЗІЛІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІБОЙЫНША СҰРАҚТАР. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/1tpq5c74

Кілт сөздер:

қалқанша без (ҚБ) , жіңішке инелі аспирациялық биопсия (FNAB) , эпидемиология

Аңдатпа

Өзектілігі. Осы мақалада эндокриндік аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін ауруларының
бірі қалқанша бездегі (ҚБ) түйінді түзілістер туралы әдебиеттерге шолу көрсетілген.
Пальпацияланатын түйіндер жиілігі әйелдерде 5% және ерлерде 1% жиілікте кездеседі, сонымен
қатар оларды 70% жағдайда кездейсоқ таңдалған адамдардан, оның ішінде жоғары жиіліктегі
УДЗ арқылы әйелдерде және қарт адамдарда анықтаймыз. Бүгінгі таңда осы аймақта көптеген
зерттеулер жүргізілген.
Мақсаты: Қалқанша бездің түйіндітүзілістерінің жіктелуітуралы ғылыми әдебиеттергешолу жүргізу.
Ізденіс стратегиясы: Ғылыми мақалалар дәлелдеу медицинасының базалары бойынша
(PubMed, CochraneLibrary, TripDatabase, ReserarchCate) және электрондық ғылыми
кітапханаларада (CyberLeninka) жүргізілді.
Мақаланың негізгі мәлімет көздері болып, рандомизирленген және когорттық зерттеулер
есептері, олар көптеген зерттеулермен жүргізілген; мета-анализдер және систематикалық
шолулар, мақалалардың толық басылымы, сонымен қатар, мақаланың негізгі мәліметтеріне
жатпайтын белгілер болып, баяндамалардың түйіндері, газеттегі мақалалар, жеке хабарламалар
болып табылды. Ізденіс барысында әдеби көздері қарастырылып табылды, оның ішінде 53
әдеби көздері мақаладағы аналитикалық материал ретінде таңдалып алынды.
Нәтижесі. Қалқанша бездің қатерсіз ісіктері бар науқастарды жүргізуге қатысатын мамандардың
еңбегі диагностикалық әдістер мен терапевтік жұмысты жақсартуға бағытталады. Thyroid Imaging
Reporting and Data System және биохимиялық, клиникалық, ультрадыбыстық қауіп факторларын
бағалаудың жүйелі зерттеу әдістерін қолдану қалқанша безінің жаңа түзілістерінің дұрыс
диагнозын қоюға, негізделмеген инвазивті процедураларды қолдануды азайтуға, экономикалық
шығындарды азайтуға, әр түрлі саладағы дәрігерлер арасындағы сабақтастықты арттыруға,
цитологиялық зерттеу нәтижесі нақты емес науқастарды жүргізу кезінде қолдануға тиімді.
Қорытынды: Ультрадыбыстық деректердегі THIRADS жіктелуі, қалқанша бездің түйінді
түзілістерінің қатерлі ісіктерімен байланысын салыстырумен негізделген. THIRADS қалқанша
безінің ультрадыбыстық зерттеулерін түсіндірудегі субъективті факторды барынша азайту үшін,
қалқанша бездің түйінді түзілістерінің ультрадыбыстық хаттамасын стандарттауға мүмкіндік
береді; клиникалық және ультрадыбыстық диагностикадағы дәрiгерлердiң қалқанша бездегі
түйінді түзілістердің бiртұтас кодификациялау әдісіне әрекет жасауға мүмкіндік береді. THIRADS
жіктелуін қолдану қалқанша бездің түйінді түзілістеріне жіңішке инелі аспирациялық биопсия
жасау және хирургиялық емдеу үшін көрсеткіштерді нақты анықтауға және қалқанша безге
негізсіз минималды инвазивті және хирургиялық араласулар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

  • Жанар Жуманбаева

    PhD докторант по специальности «Медицина»
    Государственного медицинского университета города Семей.

Әдебиеттер тізімі

Жуманбаева Ж.М., Еспенбетова М.Ж., Амренова К.Ш., Шалгумбаева Г.М., Юрковская О.А., Глушкова

Н.Е, Дюсупова А.А. Вопросы классификации узловых образований щитовидной железы. Обзор

литературы / / Наука и Здравоохранение. 2018. №1. С. 101-115.

Zhumanbayeva Zh.M., Espenbetova M.Zh., Amrenova K.Sh., Shalgumbayeva G.M., Yurkovskaya O.A.,

Glushkova N.E., Dyussupova A.A. Questions of classification of nodal formations of the thyroid gland. Review.

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, 1, pp. 101-115.

Жуманбаева Ж.М., Еспенбетова М.Ж., Амренова К.Ш., Шалгумбаева Г.М., Юрковская О.А., Глушкова

Н.Е., Дюсупова А.А. Қалқанша бездің түйінді түзілістерінің жіктелуі бойынша сұрақтар. Әдебиеттік шолу /

/ Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. № 1. Б. 101-115.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.