SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРМЕНМЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ (ШЕГІЗУ, АЛКОГОЛЬ):ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Авторлар

  • Александра Белятко Автор
  • Насихат Нургалиева Автор
  • Гульмира Дербисалина Автор
  • Шолпан Батарбекова Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/6pe4yg22

Кілт сөздер:

темекі шегу , алкоголь , медбике , мейірбике басшылары

Аңдатпа

Кіріспе:адам денсаулығын анықтайтын факторлардың бірі салауатты өмір салты болып табылады. Зиянды
әдеттердің денсаулыққа әсері өте үлкен – олар шылым шегетін немесе алкогольді ішетін адамда пайда болатын
аурулар арқылы ағзаны бұзады. Денсаулықты нығайту, жоғары жұмыс қабілеттілігі мен ұзақ өмір сүру үшін
медицина қызметкерлері зиянды әдеттерден бас тартуды насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастырып,
аурулардың алдын алу шараларын күшейтуі тиіс. Соңғы жылдары мейірбикелік істің дамуы үрдісі байқалады,
қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикенің рөлі айтарлықтай артады. Бүгін, дамыған елдерде
медбике денсаулықтың түрлі аспектілері туралы толық ақпаратты адамдарға ұсынады, адамдарға өз
денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі, зиянды әдеттерді өзгертеді және СӨС
дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстанда зиянды әдеттері бар науқастарды жүргізу бойынша мейірбикелік
басшылық жоқ, демек оларды әзірлеу қажеттілігі бар.
Мақсат: шет елдерде мінез-құлықтық қауіп факторлары бар (темекі шегу, ішімдікті пайдалану) пациенттермен
мейірбикелердің жұмыс әдістерін зерттеу үшін ғылыми ақпаратты жүйелі түрде іздеу жүргізу.
Іздеу стратегиясы: Cochrane Library, PubMed мәліметтер базасынан 53 ағылшын және орыс тілді
басылымдарға талдау жасалды, электрондық ғылыми кітапханаларда, Қазақстан Республикасының Ұлттық
ғылыми порталында (nauka.kz) соңғы 18 жылда, 2001 жылғы сәуірден бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін. Қосылу
критерийлері: темекі шегуге және алкогольді тұтынуға байланысты проблемалар туралы ақпаратты қамтитын
басылымдар, сонымен қатар медбикелер осы мінез-құлық қауіп-қатер факторларымен қалай жұмыс істейді.
«Темекі шегу, алкоголь», «Салауатты өмір салтын насихаттаудағы медбикенің рөлі», «Мейірбике, жаман әдеттер»,
«Мейірбике ісі, темекі шегу», «Мейірбике ісі, алкоголь», «Мейірбике ілестірушілері, темекі шегу, алкоголь » іздестіру
үшін келесі іздеулер пайдаланылды. Ерекшелік критерийлері: 20 жылдан астам басылымдары, тезистер,
абстрактар, дәлел базасы нашар мақалалар.
Қорытындылар: қазіргі уақытта созылмалы аурулардың ерте қалыптасу кезеңдерінде мейірбикелік күтім
технологиясы әлі қалыптасуда. Бұған мінез-құлықтық қауіп факторлары бар пациенттерді жүргізу бойынша
мейірбикелік басшылықтың болмауы дәлел болып табылады. Халық арасында сырқаттанушылықтың алдын алу
және деңгейін төмендету мақсатында медбике жеке және топтық әңгімелесулерді, лекцияларды, жадынамаларды,
брошюраларды, плакаттарды, уәждемелік сұхбаттарды, топтық ойындар, оқыту, ашуды басқару, йога, салмақты
бақылау, медитация, өзін – өзі сенімділікті үйрету, рөлдік ойындар қолдана отырып, халықпен санитариялық-ағарту
жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс. Білім беру бағдарламалары науқасқа оның ауру туралы, оның пайда болу
себептері, қауіп факторлары мен жаман әдеттердің әсері туралы ақпарат беруі керек.

Автор өмірбаяны

  • Александра Белятко

    Кафедра общей врачебной практики №1, НАО «Медицинский Университет
    Астана», г. Нур-Султан, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Белятко А.В., Нургалиева Н.К., Дербисалина Г.А., Батарбекова Ш.К. Методы работы медицинских сестер с

пациентами, имеющими поведенческие факторы риска (курение, алкоголь): обзор литературы // Наука и

здравоохранение. 2019. 4 (Т.21). С. 60-71.

Beljatko A.V., Nurgalieva N.K., Derbisalina G.A., Batarbekova Sh.K. Working methods of medical sisters with patients

with behavioral risk factors (smoking, alcohol): literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019,

(Vol.21) 4, pp. 60-71.

Белятко А.В., Нургалиева Н.К., Дербисалина Г.А., Батарбекова Ш.К. Мінез-құлықтық қауіп факторлары бар

пациенттермен мейірбикелердің жұмыс істеу әдістері (шегізу, алкоголь): әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық

сақтау. 2019. 4 (Т.21). Б. 60-71.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.