SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТҰРАТЫН СОЗЫЛМАЛЫ НЕОНАТАЛДЫСАРҒАЮЫ БАР НАУҚАСТЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ПОРТРЕТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/7nc1ts05

Кілт сөздер:

созылмалы неонаталды сарғаю , гипербилирубинемия , нейросонография , іш қуысы органдарының ультрадыбыстық зерттеуі , жете туған

Аңдатпа

Кіріспе. Созылмалы неонаталды сарғаюдың таралуы мен этиологиялық факторлары көптеген себептерге:
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ұлттық және жыныстық қатыстылығына, ауырлатылған отбасылық
анамнезге, экологияға және т.т. байланысты. Созылмалы неонаталды сарғаю ауырлатылған анамнезде болжамы
қолайсыз көпфакторлы шекті ауру, мұндай күйдегі балалар бала дәрігері мен тар мамандардың ұдайы
бақылауында болуды қажет етеді
Мақсаты: Алматы қ. қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚБКЖАА) мысалында
неонаталдық кезеңдегі созылмалы сарғыштығы бар емделушілердің клиникалық портретін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: 2018 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында Қалалық балалар
клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Неонаталды сарғаю» диагнозымен болған өмірінің бірінші
жылындағы балалардың 405 науқаснаманың топтық ретроспективтік талдауының нәтижесі ұсынылған. Енгізу
критерийлері: шала туу, Алматы қаласында тұру, баланың жасы 14 күннен асқан және сарысудың жалпы
билирубинінің деңгейі 85 мкмоль/л жоғары. Есептен шығару критериялар: шала туу болды,баланың жасы 14 күнге
толмаган,ауыл тургыны және сарысудың жалпы билирубинінің деңгейі 85 мкмоль/л төмен. Анамнездің мәліметтері
зерттелді: жынысы, ұлты, ауруханаға жатқызылған сәттегі жасы, жүктілік пен босанудың өтуі, отбасы анамнезі,
ауруханаға жатқызылған сәттегі сарысудың жалпы билирубинінің деңгейі (СЖБ), сарысудың жалпы билирубинінің
фракциялары, цитолиз синдромының биохимиялық маркерлері, нейросонография мен іш қуысының
ультрадыбыстық зерттеуінің нәтижелері неврологтың қорытындылары. Зерттеу әдісі қала балаларының
неонаталдық сарғыштығын зерттеуді қамтитын эпидемиологиялық болып таңдалды. Сандық деректер әрі қарай
шындыққа ұқсас мәнге қатысты критерийлерді және Манн-Уитни критерийін белгілей отырып, вариациялық
статистика әдісімен өңделді, нәтижелері тиісінше р=0,045 р<0,05 болғанда статистикалық маңызды болып
есептелді.
Нәтижелері: Кесарь тілігімен туған, созылмалы неонаталды сарғыштығы бар балаларда көбіне
ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша іш қуысы органдарының патологиялық өзгерістері болады (шындыққа
ұқсас мәнге қатысты критерий (р=0,017). Сарысудың жалпы билирубині (СЖБ) деңгейінің орташа мәндері
215,1±71,5 мкмоль/л, гамма-глютамилтрансфераза (ГГТП) деңгейінің орташа мәндері 0,4±0,9 мкат/л,
аланинаминотрансфераза (АлАТ) деңгейінің орташа мәндері 0,7±2,6 мкат/л, аспартатаминотрансфераза (АсАТ)
деңгейінің орташа мәндері 0,6±0,5 мкат/л ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша іш қуысы органдарының
патологиялық өзгерістерін туғызады (Манн-Уитни критерийі р<0,05). Қан сарысуы жалпы билирубинінің (СЖБ)
205,7±82,0 мкмоль/л орташа мәнінің диапазонымен созылмалы неонаталды сарғыштығы бар балаларда көбіне
нейросонография деректері бойынша бас миының патологиялық өзгерістері болады (Манн-Уитни критерийі р<0,05).
Қорытындылар: Алматы қ. тұрғыны, созылмалы неонаталдық сарғыштығы бар баланың клиникалық портреті
былайша көрінеді: мерзіміне жетіп туған ұлты қазақ, 28,7±10,2 күнге жеткен бала, туғаннан ауру дебюті бар, СЖБ
177,2±59,5 мкмоль/л, негізінен тікелей емес билирубин есебінен, АлАТ деңгейі 0,3 ±0,9 мккат/л, АсАт 0,5± 0,3
мккат/л , және тимолды ойығы 1,7 ±1,1; көбінесе 1 жүктіліктен және 1 босанудан (тиісінше 39% және 42%),
ауырлатылған антенаталдық және интранаталдық анамнездермен (тиісінше 60,1% және 21,2%). Гепатобилиарлық
жүйедегі және бас миындағы патологиялық өзгерістердің дамуына әкеп соқтырған тәуекелдер факторларынан
жұқтырылған құрсақ ішіндегі гипоксияны және жүргізілген кесарь тілігін жатқызуға болады. Жалпы аурухана
жүйесінде бағасы қымбат зертханалық және генетикалық зерттеулердің қолжетімсіздігі созылмалы сарғыштықтың
этиологиясын анықтауға мүмкіндік бермейді. Созылмалы неонаталдық сарғыштығы бар балалар стационарлық
көмек деңгейінде де, ауруханадан шығарылғаннан кейіннен де, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің зақымдануының
қолайсыз салдарларының ертеден алдын алу үшін неврологтың тұрақты бақылауын қажет етеді.

Автор өмірбаяны

  • Жаннат Ракишева

     магистрант 2 года обучения, Казахский медицинский университет непрерывного образования, г.
    Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Ракишева Ж.В., Сералин Е.Б. Клинический портрет пациента с затяжной неонатальной желтухой, проживающего

в городе Алматы // Наука и Здравоохранение. 2020. 2 (Т.22). С. 118-127. doi:10.34689/SH.2020.22.2.014

Rakisheva Zh.V., Seralin E.B. Clinical profile of patient with prolonged neonatal jaundice residing in Almaty // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 2, pp. 118-127. doi:10.34689/SH.2020.22.2.014

Ракишева Ж.В., Сералин Е.Б. Алматы қаласында тұратын созылмалы неонаталды сарғаюы бар науқастың

клиникалық портреті // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 118-127. doi:10.34689/SH.2020.22.2.014

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.