ГЕМОДИАЛИЗ АЛАТЫН СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК АУРУЫ БАРНАУҚАСТАРДА С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ ДИАГНОЗЫНЖАҚСАРТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/f3tyem27Кілт сөздер:
гломерулярлық сүзу жылдамдығы , альбуминурия , бауыр ферменттері , РНҚ сынағыАңдатпа
Бұл мақалада созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар, өмір бойы гемодиализ алатын
және С вирустық гепатитіне оң тесті бар науқастардағы зертханалық көрсеткіштердің ретроспективті талдауы
ұсынылған. Жалпы қан анализінің көрсеткіштері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер саны, гемоглобин
концентрациясы, гематокрит және СОЭ), глюкоза, жалпы ақуыз, альбумин, бүйрек функционалды сынамалары
(гломерулярлық сүзу жылдамдығы - СКФ, креатинин және мочевина), бауыр функционалды сынамалары (АЛТ және
АСТ), темірді зерттеу (сарысулық темір және ферритин концентрациясы), С-реактивті ақуыз. С вирустық гепатитін
диагностикалау үшін тек antiHCV (Hepatitis C virus) вирустық гепатитінің антиденелерін анықтау тесті қолданылды.
Алынған мәліметтерге статистикалық талдау жүргізілді - саны мен пайызы, арифметикалық орта, ≤ 0,05 кезінде p
маңыздылық деңгейі. Гемодиализ алатын науқастарда С гепатитін диагностикалауды кешенді зерттеуде алғаш рет
жыныстық диморфизм тұрғысынан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысын бағалау жүргізілді. С
вирустық гепатиті мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің үйлесімді дамуына жыныстық факторлардың қатысуын
болжауға мүмкіндік беретін зертханалық сынақтардың жекелеген диагностикалық және болжамдық
көрсеткіштерінің ауытқулары анықталды. Kdigo (Kidney Disease: improving Global Outcomes, 2018) нұсқаулығына
сәйкес диагностиканы жетілдіру үшін гемодиализ көрсетілген созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда С вирустық
гепатитін ерте диагностикалау алгоритмін ұстану қажет деген маңызды қорытынды жасалды. Бірінші кезекте С
вирустық гепатиті қоздырғышының нуклеин қышқылдарын анықтау тестін – РНҚ тестін қосу қажет.
Әдебиеттер тізімі
Рысулы М.Р., Садвакас А.С., Рахметов Н.Р., Рамазанов М.Е., Жаңбырбай.Б.Қ., Мусабаев Б.С. Необходимость
совершенствования диагностики вирусного гепатита С у больных с хронической болезнью почек, получающих
гемодиализ // Наука и Здравоохранение. 2020. 6 (Т.22). С. 54-62. doi 10.34689/SH.2020.22.6.008
Rysuly M.R., Sadvakas A.S., Rakhmetov N.R., Ramazanov M.E., Zhanbyrbay B.K., Musabaev B.S. Need of improving
the diagnostics of viral hepatitis C in patients with chronic kidney disease, receiving hemodialysis // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 6, pp. 54-62. doi 10.34689/SH.2020.22.6.008
Рысулы М.Р., Садвакас А.С., Рахметов Н.Р., Рамазанов М.Е., Жаңбырбай.Б.Қ., Мусабаев Б.С. Гемодиализ
алатын созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда С вирустық гепатитінің диагнозын жақсарту қажеттілігі // Ғылым
және Денсаулық сақтау. 2020. 6 (Т.22). Б. 54-62. doi 10.34689/SH.2020.22.6.008
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Мустафа Рысулы, Айман Садвакас, Нурлан Рахметов, Манас Рамазанов, Балқыбек Жаңбырбай, Бекболат Мусабаев (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.