SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖҮРЕК –ТАМЫР АУРУЛАРЫМЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРДАҒЫЖАҒЫМСЫЗ ДӘРІЛІК РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ҚАУПІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/dwzdg905

Кілт сөздер:

фармакотерапия , полипрагмазия , Бирс критерийлері , геронтология , жағымсыз дәрілік реакциялар

Аңдатпа

Өзектілігі: Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, полипрагмазия егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Егде
жастағы адамдардың көпшілігі бестен аса дәрі-дәрмекті қабылдайды, олардың кейбіреулері медициналық көмекке
мұқтаж емес. Зерттеулер полипрагмазия мен теріс клиникалық салдар арасында тығыз байланыс орнатты.
Полипрагмазияның нәтижесі жағымсыз дәрілік реакциялар, ДЗ жанама әсерлерінің және дәріаралық өзара
әрекеттесулердің ұлғаюы болып табылады. Егде жастағы адамдардың фармакотерапиясын жақсарту үшін дәрілік
емдеуді оңтайландыру құралдарын қолдану қажет. Олардың бірі-Бирс критерийлері.
Зерттеу мақсаты: Бирс критерийлерін қолдана отырып, қажетсіз және ықтимал қауіпті дәрілерді анықтау
арқылы ересек жастағы пациенттердің фармакотерапиясын оңтайландыру.
Зерттеу материалдары мен әдістері. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде кардиологиялық
бейіндегі 65 және одан жоғары жастағы стационарлық науқастардың медициналық карталарын ретроспективті
талдау.
Зерттеу нәтижелері: Кардиологиялық стационардың ауру тарихын талдау нәтижесінде шамадан тыс
полипрагмазия анықталды – 43 (40,9%) пациентте 10 және одан да көп дәрілік заттарды тағайындау. Бирс
критерийлерінен жағымсыз дәрілердің ішінен COX-2 селективті ингибиторлары ең көп қолданылды – 18,1%,
кеторолак ең аз тағайындалды – 1,0%. Қатарындағы препараттарды, олар қиындатады жүрек жеткіліксіздігі,
тағайындалса НПВП және дигидропиридин емес ККБ. Егде жастағы адамдар үшін қауіпті дәрілер-вазодилататорлар
– 100,0% және диуретиктер – 93,4%, аз дәрежеде – карбамазепин-4,8%. ДЗ жағымсыз комбинациялары байқалды:
варфарин+амиодарон – 1,0%, варфарин+мелоксикам - 1,0%. Бүйрек жеткіліксіздігінен аулақ болу керек
препараттардың ішінен 1,0% жағдайда спиронолактон анықталды.
Қорытынды: Өткізілген зерттеу нәтижелері дәрілік терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият бақылау
қажеттілігін көрсетеді. Полипрагмазиямен және жағымсыз дәрілік реакциялармен, атап айтқанда, Бирс
критерийлерімен күресудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Дәрігерлерді оқытуға арналған түрлі тренингтер мен
мастер-кластар пациенттердің фармакотерапиясын реттеуге көмектеседі.

Автор өмірбаяны

  • Айжан Мусапирова

    магистрант по специальности «Медицина» НАО "Медицинский университет
    Семей", г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Мусапирова А.Б., Тулеутаева Р.Е., Махатова А.Р., Смаилова Ж.К., Укенов А.Ж., Укенова Д.Б. Оценка риска

нежелательных лекарственных реакций у пожилых пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями // Наука и

Здравоохранение. 2021. 2(Т.23). С. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.2.012

Musapirova A.B., Tuleutaeva R.E., Makhatova A.R., Smailova Zh.K., Ukenov A.Zh., Ukenova D.B. Assessment of the

risk of adverse drug reactions in elderly patients with cardiovascular disease // Nauka i Zdravookhranenie [Science &

Healthcare]. 2021, (Vol.23) 2, pp. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.2.012

Мусапирова А.Б., Тулеутаева Р.Е., Махатова А.Р., Смаилова Ж.К., Укенов А.Ж., Укенова Д.Б. Жүрек – тамыр

ауруларымен егде жастағы науқастардағы жағымсыз дәрілік реакциялардың қаупін бағалау // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.2.012

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.