SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ТУЛЯРЕМИЯОШАҚТАРЫНЫҢ РЕТРОСПЕКТИВТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИКЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/vv5fc536

Кілт сөздер:

туляремия , мониторинг , эпизоотия , кеміргіштер , эктопаразиттер , табиғи ошақ

Аңдатпа

Кіріспе. Қазақстан халқының туляремиямен сырқаттануы өзекті мәселе болып қала береді [7, 16]. Жыл сайын елде
адамдар арасында аурулар, кеміргіштер арасында эпизоотиялық ошақтар тіркеледі. Эпидемияға қарсы және
профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін эпидемиологиялық ерекшеліктер, адамдар сырқаттанушылығының деңгейі
мен құрылымы, табиғи ошақтардың орналасуы мен шекаралары, олардағы туляремия микробының айналымының
ерекшеліктері, түр құрамы, туляремияның негізгі тасымалдаушылары мен таратушыларының саны және олардың
залалдығы туралы толық ақпарат болуы қажет.
Зерттеу мақсаты: Эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайды анықтау және профилактикалық ісшараларды жоспарлау бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облысындағы туляремияның 2000
жылдан 2020 жылға дейінгі және тарихи деректермен салыстырғандағы қазіргі кеңістіктік-уақыттық ахуалын зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Жұмыста туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық зерттеу нәтижелері,
облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми мәліметтері пайдаланылды. Деректерді
талдау үшін сипаттамалық эпидемиология әдістері мен географиялық ақпараттық жүйелер қолданылды.
Нәтижелер. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында туляремияның төрт
табиғи ошағы орналасқаны анықталды. 1942-1963 жылдар аралығында туляремия ошақтарында адамдарда жыл
сайын аурулар тіркелді, осы кезеңде мыңнан астам туляремиямен ауырған адамдар тіркелді. Содан кейін 2000
жылға дейін тек бірлі жарым ауру жағдайлар тіркелді, 2000 жылдан 2020 жылға дейін туляремиямен ауырған
адамдардың 40-тан аса жағдайы тіркелді. Кеміргіштерді, эктопаразиттерді, қоршаған орта объектілерін зерттеу
кезінде туляремия микробының қоздырғышы бөлінеді. Эпизоотиялық жағдайды ретроспективті салыстырмалы
талдау нәтижесі қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында эпизоотиялық белсенділіктің сақталғанын көрсетеді.
Қорытынды. Шығыс Қазақстан облысындағы туляремия ошақтарының эпизоотиялық және эпидемиялық
белсенділігінің төмендігіне қарамастан адамдардың жаппай сырқаттану жағдайларының алдын алу үшін мониторингтік
зерттеулерді жалғастыру қажет. Елді мекендерде зоологиялық-паразитологиялық жұмыстарды жүргізу көлемін ұлғайту
және халықты вакцинациялауды қамтитын уақытылы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету керек.

Автор өмірбаяны

  • Уйнкуль Избанова

    к.м.н., ассоциированный профессор, заведующая лабораторией зоонозных
    бактериальных инфекций Национального научного центра особо опасных инфекций имени Масгута Айкимбаева, г.
    Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Избанова У.А., Лухнова Л.Ю., Саякова З.З., Садовская В.П., Кирьянова Ю.С. Ретроспективный анализ и

современная пространственно-временная характеристика очагов туляремии на территории Восточно-Казахстанской

области // Наука и Здравоохранение. 2023. 5(Т.25). С. 112-120. doi 10.34689/SH.2023.25.5.015

Izbanova U.A., Luhnova L.Yu., Sayakova Z.Z., Sadovskaya V.P., Kiryanova Ju.S. Retrospective analysis and modern

spatio-temporal characteristics of tularemia foci on the territory of the East Kazakhstan region // Nauka i Zdravookhranenie

[Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 5, pp. 112-120. doi 10.34689/SH.2023.25.5.015

Избанова У.А., Лухнова Л.Ю., Саякова З.З., Садовская В.П., Кирьянова Ю.С. Шығыс Қазақстан облысының

аумағындағы туляремия ошақтарының ретроспективті талдау және заманауи кеңістіктік-уақыттық сипаттамасы //

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 5 (Т.25). Б.112-120. doi 10.34689/SH.2023.25.5.015

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.