ЭРИТРОЦИТАРЛЫҚ ИЗОАНТИГЕНДЕРДІҢБАУЫР ЦИРРОЗЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/hwzcrw45Кілт сөздер:
эритроциттер изоантигендері , бауыр циррозы , инвазивті емес диагностикаАңдатпа
Кіріспе. Бауыр циррозының жоғары таралуы мен өлім саны, оның кеш клиникалық
манифестациясы, бауыр биопсиясының кемшіліктері біздің зерттеудің өзектілігін тудырады.
Зерттеудің мақсаты. Бауыр циррозы бар науқастың ұлттық белгiлерiне қарай
эритроциттердің изоантигендік күйін аңықтау
Материалдар мен әдістер. Біз жеткілікті сенімділікпен қойылған бауыр циррозы диагнозы
бар қазақ және орыс ұлтының 140 науқасында және 272 сау қатысушында венозды қанындағы
эритроциттердің АВ0, MNS, P1, CDE жүйелерін зерттедік. Фенотиптік көріністерін жиілігін
салыстыру үшін χ2 қолдана отырып, сонымен қатар бірлестіктің күшін анықтау мүмкіндік
қатынасы (OR) мен 95% сенімді интервал көрсеткіштерін есептедік.
Нәтижелері. Ұлты қазақ науқастарда 0 (I) фенотипі (OR = 1.917, 95% CI 1,16-3,15)
бақылаумен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып табылады. Сонымен қатар MN (OR =
2,86, 95% CI 1,74-4,70), D + (OR = 2,73, 95% CI 1,1- 6,86), CC (OR = 2,15, 95% CI 1,31 - 3,53), ее
(OR = 1,85, 95% CI 1.1 - 3.15) фенотиптері бақылау тобымен салыстырғанда жоғары болды.
Орыс науқастырының арасында А(II) фенотипін табу мүмкінділігі басқа фенотиптермен
салыстырғанда жоғары болды (ОR=2,653, 95% CI 1,063-6,622, р<0,05), соңдай-ақ ММ (ОR=2,879,
95% CI 1,200-6,907), Сс (ОR=6,968, 95% CI 2,581-18,812) және Р1 (OR=3,352, 95% CI 1,383-8,126)
фенотиптерін аңықтау мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары болды.
Қорытынды. Осылайша, біздің зерттеу қазақ ұлтында 0 (I), MN, D +, СС, ее изоантигендері,
ал орыс науқастарында А (II), MM, CC, P1 фенотиптері бауыр циррозы пайда болуымен
байланысты екенін анық көрсетті.
Әдебиеттер тізімі
Касым Л., Жумадилова З.К., Баркибаева Н.Р. Влияние эритроцитарных изоантигенов на развитие
цирроза печени / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 5. С. 80-89
Kassym L., Zhumadilova Z.K., Barkibayeva N.R. Impact of erythrocytes’ antigens on development of liver
cirrhosis. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 80-89
Касым Л., Жумадилова З.К., Баркибаева Н.Р. Эритроцитарлық изоантигендердің бауыр циррозының
дамуына әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 5. Б. 80-89
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Лаура Касым, Зауреш Жумадилова, Нургуль Баркибаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.