12-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ОСТЕОДЕНСИТОМЕТРЛІК ӨЛШЕМДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/dd5c1z19Кілт сөздер:
остеоденситометрия , сүйек тінінің минералды тығыздығы , остеопения , жасөспірімдерАңдатпа
Кіріспе. Соңғы онжылдықта жүргізілген, эпидемиологиялық зерттеулер ересек науқастарда
кездесетін OП мәселесі балалық шақтан бастау алатынын сенімді көрсетті. Жалпы сүйек
қалыптасуы өмірдің ең алғашқы жылдарында қалыптасатыны, олардың салмағының
(минералды тығыздығы) максималды шегіне 18-20 жасында жететіні белгілі. Преморбидті
жағдайлар немесе созылмалы аурулар болып табылатын әсерлерден балаларда сүйек түзілу
үрдістерінің бұзылысына, балалық шақтағы сүйек беріктігінің төмендеуіне, болашақта сүйек
сынықтары мен остеопороздың даму қаупіне әкеледі. Сүйек салмағының шыңы жеткіліксіз
жинақталуы, OП үшін негізгі қауіпті факторларының бірі болып табылады, себебі сол жастық
кезеңдегі түзілген сүйек негізі кейіннен жоғала бастайды. Осыған байланысты, балалардың
сүйек салмағының қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу, қазіргі заманғы медицинаның өзекті
бағыты болып табылады.
Зерттеу мақсаты: 12-18 жас аралығындағы дені сау балалардың өкше сүйегінің
остеоденситометрлік көрсеткіштері бойынша жынысына, жасына, дене салмағына, бой
ұзындығына байланыс әсерін анықтау.
Зерттеу әдістері мен материалдары: Зерттеу дизайны – көлденең бірмезгілді,
сипаттамалық зерттеу. Дені сау балалардың сүйек тіні минералды тығыздығы (СТМТ) жағдайын
зерттеу мақсатында өкше сүйегінің остеоденситометриясы - ультрадыбыстық денситометр
(SONOST-3000, Оңтүстік Корея) аспабы көмегімен жүргізілді. Зерттеу барысында 396 оқушы
тексеруден өткізілді. Зерттеуге қатысушылардың антропометриялық және денситометриялық
көрсеткіштері берілді. Материалдарды өңдеу мен статистикалық талдау компьютерлік Statistica 10
бағдарламасы көмегімен, әр түрлі жыныстық топтағы статистикалық айырмашылықты анықтау
үшін, сапалық белгілері бойынша тәуелсіз таңдамалар үшін Стьюдент тесті қолданылды. Жекежеке жыныстық топтарында көрсеткіштердің арасындағы байланыс жәй сызықтық регрессиялық
талдау көмегімен жүргізілді. р-мәнінің 0,05-тен төмен жағдайына сәйкес параметрлер арасындағы
айырмашылық статистикалық мәнді болып табылды.
Қорытынды: Антропометриялық көрсеткіштер бойынша ербалалар ерекшеленсе, керісінше
қызбалаларда денситометриялық көрсеткіштер (СТМТ пайыздық шамасы (Z-score%) және
ультрадыбыстық толқындардың жазықтолқынды бәсеңдеуі (BUA)) салыстырмалы түрде
жоғары болуымен сипатталды. BUA көрсеткішінің жасқа байланысты толқын тәрізді өзгере
отрып, көтерілу сызығы ербалаларға тән, ал қызбалаларда төмендеуі байқалды. Регрессиялық
талдау барысында, BUA көрсеткіші мен дене салмағы индексі бойынша байланыс жыныс
топтары арасында анықталды (R2=0,3; R2=0,26; р<0,005). Алынған нәтижелер қызбалаларда
СТМТ төмен екендігін дәлелдейді және жастық-жыныстық жетілу кезеңдеріне сәйкес, әрі қарай
тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі
Аманжолқызы А., Нургалиева Р.Е., Досимов Ж.Б., Балмаганбетова Ф.К., Альмаханова М.Ж.
Параметры остеоденситометрии у подростков города Актобе в возрасте 12-18 лет / / Наука и
Здравоохранение. 2017. №2. С. 68-79
Amanzholkyzy A., Nurgalieva R.E., Dosymov Zh.B., Balmaganbetova F.K., Almakhanova M.Zh.
Osteodensitometry parameters adolescents aged 12-18 years in Aktobe. Nauka i Zdravookhranenie [Science &
Healthcare]. 2017, 2, pp. 68-79
Аманжолқызы А., Нургалиева Р.Е., Досимов Ж.Б., Балмаганбетова Ф.К., Альмаханова М.Ж. 12-18 жас
аралығындағы Ақтөбе қаласы жас-өспірімдерінің остеоденситометрлік өлшемдері / / Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2017. №2. Б. 68-79.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айнур Аманжолқызы, Роза Нургалиева, Жумабек Досимов, Фарида Балмаганбетова, Майганым Альмаханова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.