SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАУНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНДЕАДДИКТИВТІ БЕЙМДІЛІКТІҢ ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/41xjr039

Кілт сөздер:

аддикция , студенттер , депрессия

Аңдатпа

Кіріспе: Медициналық жоғары оқу орнында оқу студенттердің шиеленіскен бейімделуінің қиындауына
байланысты психикалық жағдайының өзгеруіне әкеледі. Осының салдары аддикцияларға осалдық және тәуелді
мінез-құлықтың дамуына ықтимал болуы мүмкін.
Зерттеу мақсаты: Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің (Семей қ.ММУ) студенттері
арасында тәуелділік қауіп-қатер таралуын, оның ішінде олармен өзара байланысты әлеуметтік-психологиялық
факторлар контекстінде анықтау.
Материалдар мен әдістер: Семей қ.ММУ-нің бірінші курсының 643 студенттерінен сауалнама көмегімен
бірмезетті кросс-секционды бағалау өткзілді. Іріктеу тұтас әдістермен құрылған. Әлеуметтік, психометриялық және
статистикалық әдістер қолданылды. Бағалау құралдары ретінде Бек шкаласы, Пейкельдің суицидтік шкаласы және
Лозованың сауалнамасы қолданылды. Статистикалық әдіс суреттейтін статистика алынды, яғни сандық айнымалы
үшін орта және стандартты ауытқу әдісі, ал бөлікті сапалық айнымалы алынды.Салыстырмалы статистика
жұптастыру таблицасы арқылы жасалынды. Корреляциялық талдау анализ Спирмен коэффициент көмегімен
жасалынды. Логистикалық регрессияны аддикцияның даму қаупіне әлеуметтік-психологиялық факторлардың
әсерін анықтау үшін қолданылды.
Нәтижелер. Оқушылардың демографиялық портретіне сипаттама берілді. Сұралғандардың 14% депрессия
белгілері туралы хабарлады. Қыздар мен ұлдар арасында депрессивті симптомдар бойынша айырмашылық
анықталған жоқ. Аддиктивті бейімділік белгілері мінез-құлық және химиялық тәуелділіктерге қатысты бір мезгілде
анықталған. Мінез-құлықтық тәуелділіктер арасында жиі кездеседі: салауатты өмір салтына тәуелділік (81%),
махаббаттық (66,8%), тағамдық (62,2%) және діни тәуелділік (61,9%). Алкоголизм бойынша осалдық 2,3%,
нашақорлық бойынша - 2,6% деңгейінде болды. Белгілі бір тәуелділіктер мен сұралғандардың жынысының өзара байланысы анықталды. Регрессиялық талдау шеңберінде тәуелділік қауіп-қатерімен өзара байланысы бар нақты
предикторлар айқындалды.
Қорытынды. Скринингтік іс-шараларды күшейту және аддикциялардың нақты тәуекелдерінің алдын алу
бойынша интервенциялық технологияларды енгізу, оның ішінде медициналық жоғары оқу орындарының
студенттерінде негізгі өзара байланысты факторлар контекстінде енгізу.

Автор өмірбаяны

  • Гульжан Алтыбаева

     магистр медицинских наук, ассистент кафедры «Психиатрии и наркологии ».
    Государственный Медицинский университет города Семей. 

Әдебиеттер тізімі

Алтыбаева Г.К., Оспанова Н.Н., Молдагалиев Т.М., Сарсембина Ж.Ж., Сексенбаев Н.Ж., Докенова С.В. Факторы

аддиктивной предрасположенности у студентов первого курса Государственного медицинского университета города

Семей // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 135-144.

Altybaeva G.K., Ospanova N.N., Moldagaliyev T.M., Sarsembina Zh.Zh., Seksenbayev N.Zh., Dokenova S.V. Factors of

addictive predisposition among first-year students of Semey state medical university. Nauka i Zdravookhranenie [Science &

Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 135-144.

Алтыбаева Г.К., Оспанова Н.Н., Молдагалиев Т.М., Сарсембина Ж.Ж., Сексенбаев Н.Ж., Докенова С.В. Семей

қаласының мемлекеттік медицина университетінің бірінші курс студенттерінде аддиктивті беймділіктің факторлары //

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20). Б. 135-144.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-02

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.