ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ПЕРКУТАНДЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚГАСТРОСТОМИЯ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/jd2ysd56Кілт сөздер:
балалар , асқынулар , теріарқылы (перкутанды) эндоскопиялық гастростомияАңдатпа
Кіріспе: Перкутанды эндоскопиялық гастростомия (ПЭГ) - әртүрлі сырқаты бар науқастарға, әртүрлі
көрсеткіштерге байланысты әлемде кеңінен орындалатын процедура. Процедура жалпы қауіпсіз деп саналғанымен,
кейде өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі мүмкін. Бұл шолудың мақсаты тері арқылы эндоскопиялық
гастростомия әдістерін талдау және онымен байланысты асқынулардың жиілігін анықтау болып табылады.
Әдістер: Бұл зерттеуде балалардағы теріарқылы эндоскопиялық ассистенция арқылы гастростома орнатумен
байланысты асқынулар бойынша әдебиет талданды. Әдебиет іздеуі PubMed, КиберЛенинка және Elibrary
дерекқорларында жүргізілді, іздеу сөздері ретінде «теріарқылы/перкутанды эндоскопиялық гастростомия»,
«асқынулар» және «балалар» қолданылды. Іздеу тереңдігі – 10 жыл.
Нәтижелер: ізденіске сай 13 мақала таңдалып алынып, 2009 науқас бала мәліметтері талданды. Теріарқылы
эндоскопиялық ассистенция арқылы гастростомия әдістерінің ең кең таралғандары Pull және Push болып
табылады. Pull әдісі 29,9%, Push әдісі 48,7% науқаста қолданылды. 21,4% науқаста ПЭГ әдісі мақалаларда
көрсетілмеген. Неврологиялық себептерге байланысты дисфагия, одан кейін әртүрлі сырқаттарға байланысты
нутритивтік қолдау ПЭГ орнатудың негізгі көрсеткіштері болды. Мақалаларда 1505 асқыну туралы хабарланған,
оның ішінде 1370 (91,0%) – жеңіл асқынулар, 135 (9,0%) – ауыр асқынулар. Гипергрануляция ең жиі кездескен
жеңіл асқыну болды, одан кейін гастротүтікше орнатылған жерден асқазан ішіндегі сұйықтықтың ағуы,
перистомалық инфекциялар, гастротүтікшенің орнынан ығысуы немесе ерте шығып кетуі байқалған. Ауыр
асқынулардың арасында асқазан гетеротопиясы бірқадамды Button ПЭГ әдісінің ең жиі асқынуы болған. Одан
кейінгі орындарда перитонит пен асқазан-ішек жолдарынан қан кетулері, жасырын бампер синдромы, асқазан-ішектері жыланкөздері және ішек өтпеушілігі орналасқан. Өңеш, асқазан және ішек перфорациясы әрқайсысы 2
науқаста кездескен. 2 науқаста өлім жағдайы хабарланған, өлім себебі өңеш перфорациясынан кейінгі сепсис пен
гастроинтестинальды жыланкөздің қалыптасуы болған.
Қорытынды: Перкутанды эндоскопиялық гастростомия жасалған балаларда жеңіл асқынулар жиі кездеседі.
Теріастылық эндоскопиялық ассистенция арқылы гастростомия ауыр асқынулар мен өлімнің төмен деңгейімен
сипатталады.
Әдебиеттер тізімі
Shilanbayev N.R., Jumabekov A.T., Kussainov A.Z., Altynbayeva G.B., Jaxalykova К.К., Khairov K.E., Orazalinov A.Zh.,
Ashirbay K.S., Ayapova A.K. Percutaneous Endoscopic Gastrostomy in Pediatrics. Literature review // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023. Vol.27 (5), pp. 233-243. doi 10.34689/SH.2025.27.5.027
Шиланбаев Н.Р., Джумабеков А.Т., Кусаинов А.З., Алтынбаева Г.Б., Джаксалыкова К.К., Хаиров К.Э., Оразалинов
А.Ж., Әшірбай Қ.С., Аяпова А.К. Чрескожная эндоскопическая гастростомия в педиатрии. Обзор литературы // Наука
и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (5), С. 233-243. doi 10.34689/SH.2025.27.5.027
Шиланбаев Н.Р., Джумабеков А.Т., Кусаинов А.З., Алтынбаева Г.Б., Джаксалыкова К.К., Хаиров К.Э., Оразалинов
А.Ж., Әшірбай Қ.С., Аяпова А.К. Педиатриядағы перкутанды доскопиялық гастростомия. Әдебиеттік шолу // Ғылым
және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (5), Б. 233-243. doi 10.34689/SH.2025.27.5.027
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Нышанбек Шиланбаев, Ауесхан Джумабеков, Абай Кусаинов, Гульмира Алтынбаева, Куляш Джаксалыкова, Константин Хаиров, Азамат Оразалинов, Қанат Әшірбай, Айдана Аяпова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.