SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АБАЙ ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖҰЛЫН БҰЛШЫҚЕТАТРОФИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІКТІ ЖОСПАРЛАУ КЕЗІНДЕГІГЕНЕТИКАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІАҚПАРАТТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/x5r8wx26

Кілт сөздер:

жұлын бұлшықет атрофиясы , сирек кездесетін аурулар , генетикалық аурулар , мутация

Аңдатпа

Кіріспе. Балалардағы жұлын бұлшықет атрофиясы туралы және жүктілікті жоспарлау кезіндегі генетикалық кеңес
берудің маңыздылығы жөніндегі халықтың хабардар болуы аталған аурудың алдын алу мен ерте диагностикалау
үшін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Балалардағы жұлын бұлшықет атрофиясы туралы және жүктілікті жоспарлау кезінде
генетикалық кеңес берудің маңыздылығы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейіне баға беру.
Материалдар мен әдістер: 315 респонденттің қатысуымен бірмезеттік көлденең зерттеу жүргізілді. Статистикалық
талдау SPSS бағдарламалық қамтамасыздандыруы (26.0 нұсқасы) арқылы орындалды. Барлық айнымалылардың
таралуының қалыптылығын тексеру үшін гистограммалар және Колмогоров-Смирнов критерийі қолданылды. Таралудың
қалыпты түрден ауытқығанын ескере отырып, параметрлік емес статистикалық әдістер пайдаланылды. Біздің
нәтижелерде сандық үздіксіз айнымалылар медиана және процентильдер түрінде, ал дихотомиялық айнымалылар
үлестер (абсолюттік саны) түрінде көрсетілді. p=0,05 мәні статистикалық тұрғыдан мәнді деп есептелді.
Нәтижелер: Алынған нәтижелерге сәйкес, респонденттердің тек 47,6%-ы жұлын бұлшықет атрофиясы туралы естіген.
Респонденттердің 64,1%-ы болашақта жұбайымен немесе серіктесімен жүктілікті жоспарлауды көздейтінін атап өтті. 58%
респондент генетикалық кеңес алуға және жұлын бұлшықет атрофиясын тудыратын мутациялық гендерді анықтауға
арналған генетикалық тесттапсыруға дайын екенін білдірді. Респонденттердің тек 35,6%-ы балалардағы жұлын бұлшықет
атрофиясының негізгі белгілерін білетінін көрсетті, бұл ауруды уақытылы күдіктенуге және дер кезінде дәрігерге жүгінуге
көмектесер еді.
Қорытындылар: Осылайша, халықтың жұлын бұлшықет атрофиясы туралы хабардарлық деңгейі төмен болып
табылады және бұл ауру туралы ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етеді.

Автор өмірбаяны

  • Зайтуна Хисметова

    Candidate of medical science, Professor at the Department of Public health, NonProfit Joint-Stock Company “Semey medical university”, Semey, Republic of Kazakhstan.

Әдебиеттер тізімі

Kurmasheva A.T., Khismetova Z.A., Mukysheva A.M., Siyazbekova Z.S., Akhmetova K.M. Assessment of Public

Awareness in Abai Region Regarding Spinal Muscular Atrophy in Children and the Importance of Genetic Counseling in Family

Planning // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (5), pp. 120-126. doi 10.34689/SH.2025.27.5.015

Курмашева А.Т., Хисметова З.А., Мукушева А.М., Сиязбекова З.С., Ахметова К.М. Оценка

уровня осведомленности населения Абайской области о спинальной мышечной атрофии у детей и важности

генетического консультирования при планировании беременности .// Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (5), С.120-

126. doi 10.34689/SH.2025.27.5.015

Курмашева А.Т., Хисметова З.А., Мукушева А.М., Сиязбекова З.С., Ахметова К.М. Абай облысы

халқының балалардағы жұлын бұлшықет атрофиясы туралы және жүктілікті жоспарлау кезіндегі генетикалық кеңес

берудің маңыздылығы жөніндегі ақпараттану деңгейін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (5), Б.

120-126. doi 10.34689/SH.2025.27.5.015

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.