ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ КЕЗІНДЕГІ ҚАННЫҢ ГЕМОТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/tzanzb33Кілт сөздер:
жүйелі қызыл жегі , аутоиммунды аурулар , апоптоз , нетоз , гематология , лейкопения , нейтропения , цитопения , тромбоцитопенияАңдатпа
Кіріспе: Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) ауруы ауыспалы мультижүйелі және кең спектірлі клиникасы бар гетерогенді
аутоиммунды ауру. Ағзадағы тірек-бұлшықет, тері, бүйрек, неврологиялық, гемотологиялық, өкпе, асқазан-ішек
және көз сияқты кез-келген мүшелердің ұлпалары ЖҚЖ – ға ұшырауы мүмкін. ЖҚЖ бар науқастардың ортақ
белгілері - гемотологиялық бұзылыстар. Әдетте гемотологиялық бұзылыстар ЖҚЖ-ның патофизиологиясына
байланысты туындайды, бірақ ол өзгерістер ауруға байланыссыз да пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты ЖҚЖ
– ның әсерінен дамитын гемотологиялық бұзылыстарды, ЖҚЖ-ның емдеу салдарынан туындаған ба, әлде
қанның басқа жасушалық дискразиясының бір бөлігі ме екенін ажыратудың маңызы зор.
Мақсаты: ЖҚЖ ауруының белсенділігіне және клиникалық көрінісіне байланысты, қанның гематологиялық
көрсеткіштерінің, лейкоциттер мен лейкоцитарлық формулалар деңгейінің өзгеру ерекшеліктері туралы қазіргі
әдебиеттерге шолу жасау.
Материалдар мен әдістер: Мақала жазуға арналған материалды іздестіру мен талдау PubMed, Scopus, ,
Medline, Web of Science , SpringerLink, Web of Knowledge (Thomson Reuters), Медицина, Science Direct, rheumatolog.ru,
BMC (biomedcentral.com), cyberleninka.ru, BMJ (ard.bmj.com), Oxford academic (academic.oup.com) және т.б.
ақпараттар базасы мен веб-сайттарда жүргізілді. Іздену жұмыстарының тереңдігі соңғы 15-20 жылдағы
мәліметтерді қамтыды. 70 – тен астам әдеби дереккөздердің 63-і осы мақалаға аналитикалық материал ретінде
таңдалды.
Нәтижелер: Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) (ХАЖ-10 бойынша М32) – иммундық жүйенің реттелу үрдісінің
генетикалық бұзылуы нәтижесінде, көптеген мүшелердің тіндерінде иммундық қабынудың дамуымен,
жасушалардың ядролары мен иммундық кешендерінің антигендеріне арнайы ағзалық антиденелердің түзілуінің
негізінде туындайтын, этиологиясы белгісіз, аутоиммунды ауру.
Қорытынды: Гемотологиялық бұзылыстар ЖҚЖ науқастарында, аурудың ең жиі кездесетін ортақ белгісі
болып табылады. Гемотологиялық бұзылыстарды ЖҚЖ көрінісі, ЖҚЖ – ны емдеу салдары немесе қанның басқа
да дискразиясының бір түрі ретінде ажырата біліу маңызды. Біздің шолуымызда ЖҚЖ ауруының патогенезі,
лейкопения, нейтропения, лимфоцитопения, перифириялық цитопения қарастырылды.
Әдебиеттер тізімі
Тәсібекова Г.Т., Калиев Э.А., Қожахметова А.Н. Жүйелі қызыл жегі кезіндегі қанның гемотологиялық
көрсеткіштерінің өзгеру ерекшеліктері. Әдебиеттерге шолу // Наука и Здравоохранение. 2020. 5 (Т.22). С. 57-67.
doi:10.34689/SH.2020.22.5.005
Tasibekova G.T., Kaliev E.A., Kozhakhmetova A.N. Features of changes in hematological parameters of blood in
Systemic lupus erythematosus. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 5, pp. 57-
67. doi:10.34689/SH.2020.22.5.005
Тасибекова Г.Т., Калиев Э.А., Кожахметова А.Н. Особенности изменения гемотологических показателей крови
при системной красной волчанке. Обзор литературы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 57-67.
doi:10.34689/SH.2020.22.5.005
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Гаухар Тасибекова, Эрнест Калиев, Айзада Кожахметова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.