SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМНАН ЗАРДАП ШЕГЕТІНРЕПРОДУКЦИЯЛЫҚ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/w72kcp26

Кілт сөздер:

репродукциялық жас , метаболизмдік синдром , висцеральды май индексі , семіздік

Аңдатпа

Кіріспе. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында атап өтілгендей, жоғары көрсеткіштерге ие және тұрақты өсуге бейім, инфекциялық
емес ауруларға баса назар аудару – барлық дамыған елдердің денсаулық сақтау саласына тән сипаттардың бірі.
Денсаулықты сипаттайтын маңызды белгілердің ішінде репродукциялық жастағы адамдардың денсаулық жағдайы
ерекше орын алады. Себебі, ол мемлекеттегі халық саны мен кейінгі ұрпақ жақсы өмір сүруінің кепілі болып
табылады
Мақсаты: Репродукциялық жастағы МС зардап шегетін адамдардың денсаулық жағдайын бағалау.
Материалы и методы. Зерттеу дизайны: обсервациялық, бірмезгілді, жағдай-бақылау. Зерттеуге 18 бен 49 жас
аралығындағы 1065 адам қатысты. Олардың орташа жасы 40,2 жылға тең болды. Респонденттердегі
метаболизмдіек синдром IDF (2005) критерийлері бойынша анықталды. Статистикалық талдау SPSS 24
программасында жасалды. Екі үлгідегі Welch тесті, Пирсон тесті, χ2, және тәуелсіз топтар үшін параметриялық емес
Манна-Уитни тесті жүргізілді. Көрсеткіштердің статистикалық шынайылығы p < 0,05 деңгейінде бағаланды.
Зерттеу нәтижелері. Метаболизмдік синдромынан зардап шегетін зерттеушілерде гемограмма көрсеткіштері,
липидтік профиль, дене салмағы, белдің көлемі, висцеральды май индексі, бауыр ферменттері, бүйрек
функциясының индекстері, ұйқы артериясы жалпы қабаттарының жағдайы, биологиялық жас көрсеткіштері мен
қартаю коэффициенті метаболизмдік синдромы жоқ респонденттерге қарағанда жоғары болды (p < 0,05).
Қорытынды. Осылайша, МС бар науқастар висцералды майдың артық мөлшерде жиналуымен, бел өлшемінің
және дене салмағы индексінің артуымен жүретін семіздіктен зардап шегетіндігі анықталды. Сондай-ақ, бауыр,
бүйрек, жүрек қызметі бұзылыстары мен осы мүшелер қызметімен байланысты жалпы клиникалық және
биохимиялық қан өзгерістері, липидті профильдің өзгерістері анықталды. Осы өзгерістерге байланысты
науқастардың биологиялық жасының үлкендігі, яғни қартаю процессінің тез жүріп жатқандығы, сәйкесінше оларда
жүрек құрылымының бұзылыстары мен атеросклерозға алып келетін ұйқы артериясының өзгерістері анықталды. 

Автор өмірбаяны

  • Камшат Ахметова

    PhD student, Astana Medical University, Nur-Sultan, Republic of Kazakhstan. 

Әдебиеттер тізімі

Akhmetova K., Vochshenkova Т., Dalenov Е., Abduldayeva А. Health status in persons of reproductive age with

metabolic syndrome // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 4, pp. 130-137. doi

10.34689/SH.2021.23.4.014

Ахметова К., Вощенкова Т., Даленов Е., Абдулдаева А. Состояние здоровья у лиц репродуктивного возраста с

метаболическим синдромом // Наука и Здравоохранение. 2021. 4(Т.23). С. 130-137. doi 10.34689/SH.2021.23.4.014

Ахметова К., Вощенкова Т., Даленов Е., Абдулдаева А. Метаболизмдік синдромнан зардап шегетін

репродукциялық жастағы адамдардың денсаулық жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 130-

137. doi 10.34689/SH.2021.23.4.014

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.