SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ БҰЗЫЛУЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАСОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КӨЗҚАРАСТАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/q67ph257

Кілт сөздер:

бауырдың созылмалы аурулары , созылмалы вирустық гепатиттер , фиброз , цирроз , инфекция , когнитивті бұзылулар

Аңдатпа

Кіріспе: Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер созылмалы вирусты гепатит кезінде инфекциялық процесстің
дамуы бауырда және одан тыс жерлерде де пайда болуы мүмкіндігін, сонымен қатар бауырдан тыс көріністердің
кең спектрінің пайда болуын көрсетеді. Когнитивті дисфункция бауырдың уытты және синтетикалық функциясының
бұзылуымен де, орталық жүйке жүйесіндегі вирустардың репликациясымен байланысты. Созылмалы вирустық
гепатитпен ауыратын науқастардың жартысында тіркелген бауырдан тыс көріністердің бірі - когнитивті
функциялардың бұзылыстары болып табылады. Когнитивті бұзылулар вирустардың созылмалы төзімділігімен
байланысты болғандықтан, олардың бауырдан тыс көріністердің дамуына қатысуы зерттелді. Когнитивті
бұзылулардың қалыптасуындағы вирустық агенттердің рөлін талдау пациенттердің осы санатында диагностикалау
мен емдеу әдістерінің тиімділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.
Мақсаты: Қазіргі уақыттағы әдебиеттердің деректері бойынша созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын
пациенттерде когнитивті бұзылулардың дамуын жүйелеу және бағалау.
Ізденіс стратегиясы: дерек көздерді іздеу PubMed, The Сochrane Library, Scopus, elibrary базаларында жүргізілді.
Ізденіс ұзақтығы 15 жылды құрады, 2005 жылдан 2020 жылға дейін. Қосу критерийлері: рандомизацияланған және
когорттық зерттеулер туралы есептер, мета-талдаулар және жүйелі шолулар; ағылшын және орыс тілдеріндегі
мақалалар. Алып тастау критерийлері: дәлелдер базасы жоқ материалдар, газет мақалалары. Іздеу барысында 86
дереккөз табылды, олардың 31-і жан-жақты зерттеу үшін таңдалып талданды.
Нәтижелері: Созылмалы вирустық гепатиттердің кезінде инфекциялық процестің дамуы когнитивті
бұзылулардың қалыптасуы арасындағы өзара байланысқа талдау жүргізілді. СВГ бар науқастарда когнитивті
бұзылулар дамуына әртүрлі факторлардың әсері анықталды, СВГ кезінде вирусқа қарсы терапияның рөлі
бағаланды.
Қорытынды: СВГ кезінде инфекциялық процестің дамуы когнитивті бұзылулардың қалыптасуына және оның
күшейе түсуіне әсер етеді. Алайда, клиникалық зерттеулерде СВГ-ке дер кезінде жүргізілген вирусқа қарсы
терапия когнитивті дисфункциялардың даму динамикасына төмендеуі мен қайтымдылығында оң нәтиже көрсетті.

Автор өмірбаяны

  • Татьяна Полукчи

     PhD-докторант 2-го года обучения. Казахский медицинский университет
    непрерывного образования, г. Алматы, Республика Казахстан. Ассистент кафедры инфекционных болезней и
    дерматовенерологии. Южно-Казахстанская медицинская академия, г. Шымкент, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Полукчи Т.В., Славко Е.А., Абуова Г.Н. Современные представления о роли хронических вирусных гепатитов в

развитии нарушений когнитивных функций // Наука и Здравоохранение. 2021. 4(Т.23). С. 58-65. doi

10.34689/SH.2021.23.4.006

Polukchi T.V., Slavko Ye.A., Abuova G.N. Modern concepts of the role of chronic viral hepatitis in the development of

cognitive impairment // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 4, pp. 58-65. doi

10.34689/SH.2021.23.4.006

Полукчи Т.В., Славко Е.А., Абуова Г.Н. Когнитивті функциялардың бұзылуларының дамуында созылмалы

вирустық гепатиттердің рөлі туралы қазіргі заманғы көзқарастар // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б.

58-65. doi 10.34689/SH.2021.23.4.006

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.