ТАНЫМДЫҚ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ,ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/c8gry233Кілт сөздер:
танымдық бұзылулар , қауіп факторлары , жынысАңдатпа
Өзектілігі: Қартайған кездегі танымдық функциялардың төмендеуі жасқа байланысты қалыпты өзгерістерден
жеңіл дәрежеде, жеңіл танымдық бұзылыста, деменцияның ең ауыр түрінде болады. Деменция жеке адамға және
қоғамға айтарлықтай әсер етеді, тіпті танымдық функциялардың салыстырмалы түрде төмендеуі функционалды
өзгерістердің айтарлықтай деңгейіне және өмір сүру сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Танымдық
құлдырауды азайту үшін оның себептерін білу қажет. танымдық құлдырау сипатындағы жыныстық
айырмашылықтар әртүрлі қауіп факторлары, патогенез және ең бастысы емдеу туралы маңызды ақпарат бере
алады.
Мақсаты: жынысына байланысты танымдық бұзылулардың қауіп факторларының айырмашылықтары туралы
халықаралық зерттеулерге шолу жасау.
Іздеу стратегиясы: Scopus, Web of Science, MedLine, PubMed, Cochrane Library, Google Scholar сияқты
мәліметтер базасында іздеу жүргізілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл болды (2005-2020). Қосу критерийлері: әдебиеттерге
шолулар, түпнұсқа мақалалар, мета-талдаулар; ашық қол жетімді және ағылшын және орыс тілдерінде толық
мәтіні бар жарияланымдар. Алынып тасталатын критерийлері: әдіснамалық сапасы төмен жарияланымдар,
конференция материалдары. Біз осы шолуға 44 жарияланымды енгіздік.
Нәтижелер мен тұжырымдар: халықаралық зерттеулер гендерлік айырмашылықтардың танымдық қызметке
әсерін көрсетеді. Бір жыл ішінде ерлерде орташа танымдық бұзылулардың саны әйелдерге қарағанда жоғары
екендігі анықталды. Ер адамдарда жеңіл танымдық бұзылулар жоғары болды. Әйелдер мен ерлердің маңызды
айырмашылығы депрессия көрсеткішінің жоғары болуы болды. Альцгеймер ауруымен байланысты әйелдерде
деменцияның даму қаупі жоғары, ал ер адамдарда тамырлы деменцияның даму қаупі жоғары.
Әдебиеттер тізімі
Тукинова А.Р., Шалгумбаева Г.М., Мусабекова Ж.А., Молчанов С.Н., Жуманбаева Ж.М., Куанышева А.Г.,
Крыкпаева А.С. Факторы риска когнитивных нарушений, гендерные особенности. Обзор литературы // Наука и
Здравоохранение. 2022. 1(Т.24). С. 178-184. doi 10.34689/SH.2022.24.1.020
Tukinova A.R., Shalgumbayeva G.M., Mussabekova Zh.A., Molchanov S.N., Zhumanbayeva Zh.M., Kuanysheva A.G.,
Кrykpaeva A.S. Risk factors for cognitive impairment, gender characteristics. А literary review // Nauka i Zdravookhranenie
[Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 1, pp. 178-184. doi 10.34689/SH.2022.24.1.020
Тукинова А.Р., Шалгумбаева Г.М., Мусабекова Ж.А., Молчанов С.Н., Жуманбаева Ж.М., Куанышева А.Г.,
Крыкпаева А.С. Танымдық бұзылулардың қауіп факторлары, гендерлік ерекшеліктері. Әдеби шолу // Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 178-184. doi 10.34689/SH.2022.24.1.020
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Асель Тукинова, Гульнар Шалгумбаева, Жанна Мусабекова, Сергей Молчанов, Жанар Жуманбаева, Анаргуль Куанышева, Айнур Крыкпаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.