АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ПАЦИЕНТЕРІНІҢ АСҚЫНБАҒАНУРОЛОГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚКӨРСЕТКІШТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/h7r9a892Кілт сөздер:
бактериалдық инфекциялар , антибиотикке сезімталдық , асқынбаған урологиялық инфекцияларАңдатпа
Кіріспе: Зәр шығару жолдарының инфекциясы амбулаториялық және ауруханаға жатқызылған науқастарда
диагноз қойылған ең көп таралған инфекциялардың бірі болып табылады, бірақ қоздырғыштардың бактериялық
құрылымы мен төзімділігін зерттеу амбулаториялық кезеңде онша кең зерттелмеген.
Нақты зерттеудің мақсаты – амбулаториялық науқастардың несебінің негізгі қоздырғыштарының
бактериялық құрылымын және антибиотикке сезімталдық деңгейін зерттеу болды.
Материал дар және әдістер: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның микробиологиялық зертханасы
негізінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде амбулаториялық
науқастардың несебінің жолдарынан бөлінген штамдардың микробтық өрнегімен антибиотикке сезімталдығын
проспективтік микробиологиялық зерттеу жүргізілді. Оқшауланған микроорганизмдерді анықтау «Vitek 2»
(bioMerieux) микробиологиялық анализаторында жүргізілді. Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу Microsoft
Excel көмегімен жүргізілді, орташа мән анықталды, орташа қате анықталды, динамикалық өзгерістер сызықтық
регрессия әдісімен анықталды. Орташа мәндердің айырмашылықтары p<0,05 кезінде статистикалық тұрғыдан
сенімді деп саналды.
Нәтижелер: Зерттеуге оқшаудан 158 клиникалық несеп енгізілді. Зерттеу кезеңінде клиникалық материалдан
75 микроорганизмдер штамдары бөлініп алынды. Оқшауланған микроорганизмдердің көп саны 76% E.coli тиесілі.
Зерттеу нәтижелері E.coli штамдарының III-IV буынды цефалоспориндерге -66,6%, хинолондарға - 68,4%,
аминогликозидтерге - 77,1% сезімталдығы жоғары екенін көрсетті. E.coli штамдарының ең жоғары антибиотикке
сезімталдығын нитрофурантоин – 94,7% және ко-тримоксазол - 89,4% болды.
Қорытынды: Біздің проспективтік микробиологиялық зерттеудің нәтижелері E.coli оқшаулауының жоғары
пайызын көрсетті және ең жоғары антибиотикке сезімталдығын нитрофурантоин және ко-тримоксазол болды.
Әдебиеттер тізімі
Бисенова Н.М., Тулеубаева Э.А., Трофимчук Е.В., Ергалиева А.С., Ким Д.А., Ермаганбетов Е.М.
Микробиологические показатели неосложненных уроинфекций у амбулаторных больных // Наука и
Здравоохранение. 2022. 1(Т.24). С. 47-53. doi 10.34689/SH.2022.24.1.006
Bissenova N.M., Tuleubyeva E.А., Trofimchuk Ye.V., Yergаliyevа A.S., Kim D.A., Ermaganbetov E.M. Microbiological
indicators of outpatients’ uncomplicated urinary tract infection // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022,
(Vol.24) 1, pp. 47-53. doi 10.34689/SH.2022.21.1.006
Бисенова Н.М., Тулеубаева Э.А., Трофимчук Е.В., Ергалиева А.С., Ким Д.А., Ермаганбетов Е.М.
Амбулаториялық пациентерінің асқынбаған урологиялық инфекциялардың микробиологиялық көрсеткіштері //
Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 47-53. doi 10.34689/SH.2022.24.1.006
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Неля Бисенова, Эльмира Тулеубаева, Екатерина Трофимчук, Айгерим Ергалиева, Дмитрий Ким, Еркебулан Ермаганбетов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.