КӨМЕЙ СТЕНОЗЫ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕОНЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ: РЕТРОСПЕКТИВТІ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/gan97z89Кілт сөздер:
балалардағы көмейдің стенозы , эндоларингеальді хирургия , ұзартылған интубацияның асқынуы , кеңірдектің субглоттикалық стенозыАңдатпа
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласындағы балалардағы көмей стенозының
этиопатогенезінің ерекшеліктерін және хирургиялық түзету әдістерін талдау.
Әдістері: 2018-2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми
орталығының клиникасында емделген көмей стенозы бар науқастардың мұрағаттық деректеріне ретроспективті
талдау жасалды.
Нәтижелер: Көмейдің стенозымен ауыратын 292 науқастың ауру тарихын талдау кезінде орталықта
этиопатогенез ерекшеліктері мен хирургиялық емдеу әдістері зерттеліп, анықталды.
Қорытынды: Бақылаулар көрсеткендей, кеңірдектің стенозы әртүрлі соматикалық және хирургиялық
патологияларға байланысты вентиляторда ұзақ тұрудан дамыған. ЛОР патологиясы бойынша ота жасалғандардың
жалпы санындағы көмей стенозымен ауыратын науқастардың үлесі 44,24% құрайды, себебі біздің емхана
Қазақстан Республикасында көмей стенозын жою бойынша жетекші орталық болып табылады. Эндоларингеальды
емдеу әдістері жақсы нәтиже береді, бірақ кейде қайталанатын ағымды ескере отырып, олардың түріне,
дәрежесіне және ауырлығына байланысты көмейдің стенозын емдеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін жетілдіру,
сол арқылы науқастарды емдеу нәтижелерін жақсарту қажет.
Әдебиеттер тізімі
Turayeva A., Bekpan A., Mukhamadieva G., Papulova N., Baimenov A., Mustafin A., Autalipov D. Features of
etiopathogenesis of laryngeal stenosis and methods of its elimination: a retrospective analysis // Nauka i Zdravookhranenie
[Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 2, pp. 32-39. doi 10.34689/SH.2022.24.2.004
Тураева А.Г., Бекпан А.Ж., Мухамадиева Г.А., Папулова Н.М., Байменов А.Ж., Мустафин А.А., Ауталипов Д.Х.
Особенности этиопатогенеза стеноза гортани и методы его устранения: ретроспективный анализ // Наука и
Здравоохранение. 2022. 2(Т.24). С. 32-39. doi 10.34689/SH.2022.24.2.004
Тураева А.Г., Бекпан А.Ж., Мухамадиева Г.А., Папулова Н.М., Байменов А.Ж., Мустафин А.А., Ауталипов Д.Х.
Көмей стенозы этиопатогенезінің ерекшеліктері және оны жою әдістері: ретроспективті талдау // Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 32-39. Doi 10.34689/SH.2022.24.2.004
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Алия Тураева, Алмат Бекпан, Гульмира Мухамадиева, Наталия Папулова, Аманжол Байменов, Адиль Мустафин, Дархан Ауталипов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.