SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖУСАН ТОЗАҢЫМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТ ПЕНБРОНХИАЛДЫ ДЕМІКПЕНІНІҢ ТЫШҚАН МОДЕЛІН ЖАСАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/y422t889

Кілт сөздер:

allergy , bronchial asthma , sensitization , mouse , wormwood

Аңдатпа

Өзектілігі. Индустриалды дамыған елдердің тұрғындары арасында аллергиялық аурулардың таралуы 35%-ға
жетті және сарапшылардың бағалауы бойынша келесі онжылдықта олардың одан әрі өсуі болжануда. АСИТаллергиялық процестің табиғи ағымын өзгерте алатын жалғыз терапиялық тәсіл. Аллергиялық аурулардың
жаһандық таралуы және коммерциялық қол жетімді АСИТ препараттарының жетіксіздігі аллергияны емдеудің жаңа
әдістерін іздеуді немесе қолданыстағы әдістерді жетілдіруді қажет етеді, бұл өз кезегінде зертханалық
жануарларда аллергиялық ауруларды дұрыс модельдеуді қажет етеді.
Мақсаты:. Аллерген спецификалық иммунотерапияға арналған жаңа вакцинаны болашақта әзірлеу үшін
тышқандардағы аллергиялық бронхиалды демікпені және аллергиялық ринитті модельдеу.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны: эксперименттік-клиникаға дейінгі перспективалық когорттық
зерттеу. Зертханалық жануарлармен жұмыстың барлық циклі 2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы қаңтарға дейін
ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында (АҚИҰҒО) орындалды.
IgE-ассосацияланған бронхиалды демікпені модельдеу үшін 8-12 апталық SPF BALB/c ұрғашы тышқандары
пайдаланылды. Тышқандар ащы және қарапайым жусан сығындылары, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін
пайдалана отырып, интраназальды (ИН) және интраперитонеальді (ИП) тәсілдермен сенситизацияланды. Бұл аллергендерді таңдау олардың Қазақстандағы маусымдық поллиноздың ең үлкен жағдайларында себепкер
болуына байланысты. Тышқандардағы аллергия деңгейін бағалау кезінде антиденелерді, цитокиндерді, жасушалық
иммундық жауаптарды, клиникалық белгілерді және өкпенің гистологиялық талдауын зерттеуді қамтитын кешенді
тәсілдер қолданылды. Өзгермелі айнымалылардың эксперименттік алынған үлгілерін статистикалық өңдеудің
жалпы қабылданған әдістері қолданылды. Үлгінің орташа мәні (X), орташа квадраттық қате (m) анықталды.
Көрсеткіштер мен топтар арасындағы айырмашылықтардың дұрыстығы Graph Pad prism 8 (Graph Pad Software,
Inc., La Jolla, CA, USA) статистикалық бағдарламасын қолдану арқылы анықталды.
Жаңалығы: Алғаш рет ащы және қарапайым жусан сығындыларымен, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін
пайдалана отырып, интраназальды және интраперитонеальды әдістермен аллергиялық ринит пен аллергиялық
бронх демікпені лабораториялық тышқанда модельденді.
Нәтижелер: Сыналған аллергендердің ішінде ең аллергизациялайтын әсерге интраперитонеальды
сентитизация режиміндегі қарапайым жусан сығындысы ие болды: жалпы және антиген спецификалық IgE
антиденелерінің жоғарылауы, IgG1/IgG2a антиденелер қатынасы бойынша иммундық жауаптың Th2-ге айқын
поляризациясын тудырды, құлақ сынағында оң реакция тудырды, өкпеде IL-5 аллергиялық қабыну цитокинінің
экспрессиясымен жүретін периваскулярлық және эозинофильді қабынуы байқалды.
Қорытынды: Тышқандарда аллергиялық бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті модельдеу кезінде
интраперитонеальды сентитизация режимінде қарапайым жусан сығындысы ең аллергизациялайтын әсерге ие
болды.

Автор өмірбаяны

  • Меруерт Бабаева

    докторант по специальности «Медицина», КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова,
    специалист Международного центра вакцинологии КазНАИУ, г. Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Babayeva М.Е., Tabynov K.K., Nurpeissov Т.Т., Tabynov Kais.K. Development of a mouse model of allergic rhinitis and

bronchial asthma caused by wormwood pollen // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 6, pp. 277-

288. doi 10.34689/SH.2022.24.6.033

Бабаева М.Е., Табынов К.К., Нурпеисов Т.Т., Табынов Кайс.К. Разработка мышиной модели аллергического ринита

и бронхиальной астмы, вызываемые пыльцой полыни // Наука и Здравоохранение. 2022. 6(Т.24). С. 277-288. doi

10.34689/SH.2022.24.6.033

Бабаева М.Е., Табынов Қ.Қ., Нұрпеисов Т.Т., Табынов Қайс.Қ. Жусан тозаңымен шақырылатын аллергиялық

ринит пен бронхиалды демікпенінің тышқан моделін жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 277-288.

doi 10.34689/SH.2022.24.6.033

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.