АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ КЕЗІНДЕ ЕКІНШІЛІКТІГИПЕРУРИКЕМИЯҒА ӘКЕЛІП СОҚТЫРАТЫН ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ.ӘДЕБИ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/dcakyy78Кілт сөздер:
гиперурикемия , артериалды гипертензия , семіздік , дислипидемия , ілмектік диуретиктер , ацетилсалицил қышқылыАңдатпа
Өзектілігі. Үлкен эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша гиперурикемия (ГУ) мен жүрек – қан
тамыр ауруларының, соның ішінде инсульт пен жүректің ишемиялық ауруы секілді ауыр жағдайлар арасында
байланыс бар екендігі дәлелденген. Буын синдромының клиникалық белгілерінсіз асимптоматикалық немесе
екіншілікті ГУ жылдар бойы жалғасуы мүмкін және кездейсоқ тексеру кезінде, жиі жүрек – қан тамыр жүйесі жағынан
асқынулар дамыған кезде анықталады. Сондықтан осы патологиялық жағдайға әкелетін қауіп факторларын білу
және емхана деңгейінде уақтылы түзету маңызды. Бұл әдеби шолуда артериалды гипертензия (АГ) кезіндегі ГУ
қаупінің ықтимал себептік факторлары, атап айтқанда семіздік, дислипидемия, ацетилсалицил қышқылының төмен
дозаларын және ілмектік диуретиктерді ұзақ қабылдау жағдайлары қарастырылған.
Зерттеу мақсаты: АГ кезінде екіншілікті ГУ әкеліп соқтыратын факторларға қатысты халықаралық және
отандық тәжірибелерді жүйелі талдау арқылы әдеби шолуды жүргізу.
Іздестіру стратегиясы: PubMed, Cochrane library, e-library, Cyberleninka электронды деректер базасынан жүйелі
іздеу жүргізілді, сонымен қатар Google Scholar қосымша ақпараттық ресурсын қолданылды. Қосылу критерийлері:
үлкен популяциялар бойынша жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, метаталдаулар және жүйелі шолулар, ағылшын және орыс тілдеріндегі ашық қолжетімділікте және статистикалық
расталған қорытындылары бар түпнұсқа мақалалар. Шығару критерийлері: қысқаша есептер, газет мақалалары
және жеке хабарламалар. Іздеу тереңдігі 10 жылды құрады (2012-2022). Сәйкес іздеу бойынша 4100 мақала
табылды. Біріншілік талдаудан кейін 52 мақала қосу критерийлеріне сәйкес келіп, қорытынды талдауға алынды.
Нәтижесі: Әдебиеттерге шолу жасау нәтижелері бойынша көптеген зерттеулер семіздіктің, дислипидемияның,
ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын және ілмектік диуретиктерді ұзақ қабылдау секілді факторлардың
АГ бар науқастарда екіншілікті ГУ акелетіндігі көрсетілген.
Әдебиеттер тізімі
Абишева С.Т., Батырхан Т.Е., Винник Т.В. Факторы риска вторичной гиперурикемии при артериальной
гипертензии. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 1(Т.25). С. 182-189. doi 10.34689/SH.2023.25.1.022
Abisheva S.T., Batyrkhan T.E., Vinnik T.V. Risk factors for secondary hyperuricemia in arterial hypertension. Review //
Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 1, pp. 182-189. doi 10.34689/SH.2023.25.1.022
Абишева С.Т., Батырхан Т.Е., Винник Т.В. Артериалды гипертензия кезінде екіншілікті гиперурикемияға әкеліп
соқтыратын қауіп факторлары. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 182-189. doi
10.34689/SH.2023.25.1.022
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Сауле Абишева, Таншолпан Батырхан, Татьяна Винник (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.