SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕМОДЕКОЗ ТУРАЛЫАҚПАРАТТАНУЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/8qy66s20

Кілт сөздер:

демодекоз , тері асты кене , ақпараттану , алдын алу

Аңдатпа

Кіріспе. Безеу, розацея, периоральды дерматит, демодекозды фолликулит сияқты папулопустулярлы
дерматоздар тұрғындар арасында кең таралғандықтан, өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл дерматоздардың
бетте локализациясын және пациенттердің әлеуметтік белсенді жасын ескере отырып, аурудың даму салдарынан
өмір сапасы айтарлықтай төмендеуі болуы мүмкін - әлеуметтік және кәсіби байланыстар бұзылады, невротикалық
бұзылыстар мен депрессия жиі дамиды.
Зерттеудің мақсаты. Халық арасында демодикоз ауруы, инфекция әдістері және аурудың алдын-алу туралы
хабардар болу деңгейіне социологиялық зерттеу жүргізу.
Материалдар мен әдістер: Семей қаласының тұрғындары арасында демодекоз ауруынан хабардар болуды
бағалау мақсатында көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу электронды сауалнама әдісімен жүргізілді. 18 бен 50 жас
аралығындағы 128 тұрғын сұралды. Сауалнама осы ауру туралы білім, жұқтыру ықтималдығы, профилактикалық
шаралардың тиімділігі, оларды сақтауға дайындығы және қолайлы ақпарат көздері туралы сұрақтарды қамтыды.
Кешенді бағалау жүргізілді және олардың үлес салмағын есептей отырып, жеке ақпарат көздерінің басымдықтары
анықталды.
Нәтижелері: Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің тек 37,5% (n=48) демодекоз туралы бұрынсоңды естіген. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 22,4%-ы (n=28) ғана алдын алу шаралары туралы ақпаратқа
ие, олардың 42,4%-ы (n=28) осы аурудың алдын алу әдістерін ұстанады. Респонденттер демодекоз ауруы туралы
ақпарат көзі ретінде: косметолог пен дерматологқа бару, сондай-ақ интернет-ресурстарды көрсетті.
Қорытынды: Семей қаласының тұрғындарының демодекоз ауруының таралуы туралы хабардар болуы
бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама білім деңгейі мен алдын алу шараларының төмендігін көрсетеді. Бұл
дерматологиялық аурудың алдын алудың тиімді шаралары туралы ақпаратты азаматтардың назарына неғұрлым
табанды түрде жеткізу қажет.

Автор өмірбаяны

  • Марина Лемишенко

    Master's student of the 1st scientific and pedagogical direction in the specialty "Public
    health", NCJSC “Semey medical university”. 

Әдебиеттер тізімі

Lemishenko M.N., Khismetova Z.A., Iskakova N.S., Sarsenbayeva G.Zh., Berikuly D., Akhmetova K.M. Awareness

assessment of Semey city population about demodekosis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023,

(Vol.25) 3, pp. 173-177. doi 10.34689/SH.2023.25.3.023

Лемишенко М.Н., Хисметова З.А., Искакова Н.С., Сарсенбаева Г.Ж., Берікұлы Д., Ахметова К.М. Оценка

информированности населения города Семей о демодекозе // Наука и Здравоохранение. 2023. 3(Т.25). С. 173-177.

doi 10.34689/SH.2023.25.3.023

Лемишенко М.Н., Хисметова З.А., Искакова Н.С., Сарсенбаева Г.Ж., Берікұлы Д., Ахметова К.М. Семей қаласы

тұрғындарының демодекоз туралы ақпараттануын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 173-

177. doi 10.34689/SH.2023.25.3.023

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.