SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ПІКІРІ БОЙЫНША ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫНА КҮДІК ТУҒЫЗҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН БАС ТАРТУ СЕБЕПТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/nd3tw236

Кілт сөздер:

аймақтық дәрігерлер , бас тарту себептері , рак

Аңдатпа

Кіріспе: ОҚО аймақтық дәрігерлердің пікірін зерделеу арқылы қатерлі ісік ауруы бар деп
күдіктенген науқастардың тексеруден өтуде жиі кездескен бас тарту себептері анықталынды.
Мақсаты: Қатерлі ісік ауруы бар деп күдік тудырған пациенттердің одан ары кешенді
тексеруден бас тарту себептерін социологиялық зерттеу.
Әдістер: ОҚО емханаларында жұмыс істейтін аймақтық дәрігерлердің қатысуымен бір
мезеттік көлденең зерттеу 01.01-14.04.2016ж. аралықта жүргіздік (n=500). Сауалнама 33
жартылай ашық сұрақтармен қамтылды, толтыру 20-25 минқа созылды. Іріктеуге жұмыс істеп
отырған дәрігерлер ғана алынды. Нәтижелер негізгі, салыстырмылы түрде көрсетілді, 95%
сенімділік интервалы қолданылды.
Нәтижелері: аурулардың арасында кешенді зерттеуден жиі бастартуға себеп 331–
дәрігерлердің пікрінше пациенттер арасында «рак» анықталады деген қорқыныштан
туындаған болып шықты 66,2% (95% CИ: 61,8-70,3). 22,8% (95% CИ: 19,2- 26,7) жұмысынан
босамауына байланысты бас тартуын көрсетті. 11,8% (95% СИ: 9,1 - 15,0) дәрігерлер
пациенттердің депрессияға түсуін мәлімдеді. Аурулардың 11,0% (95% СИ: 09,1 - 15,0) үгіттеу
жүргізген соң тексеруге баратынын айтты. Тек 4,0% (95% СИ: 2,5-6,2) науқастар тексерілуге
келісімін бірден беретінін айтты.
Қорытынды: ОҚО аймақтық дәрігерлердің пікірін зерттеумен пациенттердің тексеруден
бас тартудың жиі кездескен себеп - қатерлі ісік анықталыну қорқынышы. Нәтижелер
санитарлық-ағарту жұмыстарын халық арасында өткізу қажеттілігін көрсетті. 

Әдебиеттер тізімі

Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М, Гржибовский A.М., Жанабаев Н.С. Причины отказа

пациентов с подозрением на злокачественные новообразования от дальнейшего медицинского

обследования, по мнению участковых врачей Южно-Казахстанской области / / Наука и Здравоохранение.

2016. №5. С. 90-100.

Buleshov М.A., Tazhibayeva K.N., Buleshovа A.М., Grjibovski A.M., Zhanabayev N.S. Causes of refusing

medical examination by patients with suspected cancer as perceived by primary care physicians in South

Kazakhstan region. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 90-100.

Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М., Жанабаев Н.С. Оңтүстік қазақстан

облысында аймақтық дәрігерлердің пікірі бойынша қатерлі ісік ауруына күдік туғызған пациенттердің

диагностикалық тексеруден бас тарту себептері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №5. Б. 90-100.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.