SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ КЕЗІНДЕ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРҚАУПІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИСЛИПИДЕМИЯНЫҢ,ДЕНЕНІҢ АРТЫҚ САЛМАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУСИПАТЫНЫҢ РӨЛІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/rmckkc54

Кілт сөздер:

дислипидемия , аполипопротеин , май алмасуы , жүрек-қан тамыр қаупі , жүрек-қан тамыр аурулары

Аңдатпа

Кіріспе: Дамыған және дамымаған мемлекеттерде халықтың жиі кездесетін өлім себептеріне
жүрек – қан тамыр аурулары, соның ішінде артериялық гипертензия жатады. Дүниежүзілік
денсаулық сақтаудың тәжірибесі көрсеткендей, жүрек – қан тамыр ауруларын алдын – алу өлім деңгейін көрнекті түрде азайтты. Алдын – алу ең алдымен қауіп факторларына, соның ішінде
артық салмақ, абдоминалды семіру, шылым шегу, салауатты емес тамақтану және жеткіліксіз
физикалық белсенділікке әсер ету арқылы жүргізіледі.
Мақсаты: жүрек-қан тамыр аурулар кезінде жүрек – қан тамыр қаупін қалыптастыруда
дислипидемияның, артық салмақтың және тамақтану сипатының рөлін бағалауға арналған
әдебиеттерді іздестіру.
Мәліметтер мен әдістері: Әдебиеттерді іздестіру Pubmed, Scopus, Ebscohost, Medline, The
Сocrane Library, Springer Link, Web of Knowledge (Thomson Reuters), Science Direct, Параграф
Медицина, Гугл академия базаларында жүргізілді. Іздестіру тереңдігі: 1986 мен 2016 жылдар
аралығында жүргізілді.
Әдебиетті қосу критерийлері: үлкен популяцияларда жүргізілген, рандомизирленген мен
когортты зерттеулер туралы есептер; жүйелі шолулар мен мета – анализдері кіргізілді. Әдебиетті
кіргізбеу критерийлеріне жатты: жеке оқиға мен оқиғалар сериясын сипаттаған мақалалар.
150 әдебиеттік қайнардан 60 мақала осы мақаланың анализдік материалы ретінде алынды.
Нәтижелері: Мақалаларды шолу барысында артериялық гипертензия кезінде жүрек-қан
тамыр қаупінің мөлшері дислипидемия сипатымен, дене салмағының шамадан тыс болуымен
және дәрежесімен, пациенттердің өмір салтымен және тамақтану сипатымен байланысты
екендігін көрсетті.
Қорытынды: Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде жүрек-қан тамыр қаупін
нәтижелі төмендету мен асқынулардың алдын-алу үшін медициналық көмектің барлық
кезеңдерінде науқас адамдағы май алмасу деңгейін бақылаумен қатар артериялық
гипертензиясы бар науқас адамдарда салауатты өмір салты әдеттерін, сонымен қатар
салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру керек.

Автор өмірбаяны

  • Айжан Шаханова

     магистрант 2 года по специальности «Медицина».
    Государственный медицинский университет города Семей. 

Әдебиеттер тізімі

Шаханова А.Т., Кожахметова Д.К., Нуртазина А.У. Роль дислипидемии, избыточной массы тела и

характера питания в формировании сердечно-сосудистого риска при артериальной гипертензии. Обзор

литературы / / Наука и Здравоохранение. 2017. № 2. С. 144-158.

Shakhanova A.Т., Kozhakhmetova D.К., Nurtazina A.U. The role of dyslipidemia, overweight and diet in the

formation of cardiovascular risk in hypertension. Review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].

2017, 2, pp. 144-158.

Шаханова А.Т., Кожахметова Д.К., Нуртазина А.У. Артериялық гипертензия кезінде жүрек-қан тамыр

қаупін қалыптастыруда дислипидемияның, дененің артық салмағының және тамақтану сипатының рөлі.

Әдебиетке шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. № 2. Б. 144-158.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-04

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.