Иондаушы сәулеленудің «төмен дозаларының» әсерлерін бағалау мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.34689/sg3y2h63Кілт сөздер:
иондаушы сәулелену , төмен дозалар , гормезисАңдатпа
Кіріспе.
Мақалада ғылыми жарияланымдарды талдау негізінде иондаушы сәулеленудің «төмен дозаларының» халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсеріне арналған әдебиетке шолу ұсынылған. Қазіргі уақытта бұл салада көптеген зерттеулер жүргізілген.
Мақсаты.
Иондаушы сәулеленудің «төмен дозаларының» тірі ағзаға және қоршаған ортаға әсері туралы ғылыми әдеби деректерге талдау жүргізу.
Материалдар мен әдістер.
Қойылған мақсатқа жету үшін PubMed, Elsevier, ResearchGate, CyberLeninka дерекқорларында және Республикалық ғылыми-техникалық кітапханада әдебиеттерге іздеу жүргізілді. Іздеу басталғанға дейін келесі кілт сөздер анықталды: эксперименттік зерттеу, иондаушы сәулелену, төмен дозалар. Шолуға енгізбеу критерийлеріне баяндамалар тезистері, газет жарияланымдары және жеке хабарламалар жатқызылды. Іздеу барысында 1689 әдеби дереккөз анықталып, олардың ішінен 63-і мақаланың аналитикалық материалы ретінде таңдап алынды.
Нәтижелер.
Қазіргі уақытта иондаушы сәулеленудің «төмен дозаларының» әсерін бағалауға қатысты үш қарама-қарсы көзқарас бар. Кейбір зерттеушілер «төмен дозалардың» қауіптілігі жоғары екенін көрсетсе, басқалары олардың әсерлерінде қандай да бір ерекшеліктерді жоққа шығарады, ал үшінші топ радиациялық гормезис, яғни иондаушы сәулеленудің оң әсері бар екенін алға тартады.
Қорытындылар.
Ғылыми әдебиеттердің молдығына қарамастан, бұл мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр және осы бағытта әрі қарай зерттеулер жүргізуді талап етеді.
Әдебиеттер тізімі
Хоши М., Саимова А.Ж. Проблема в оценке эффектов облучения «малыми дозами» ионизирующего излучения. Обзор литературы / / Наука и Здравоохранение. 2017. №2. С. 115-127.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Масахару Хоши , Айсулу Саимова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.