РАДИАЦИЯ ӘСЕРІНЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖІҢІШКЕІШЕГІНДЕ ТУЫНДАҒАН АПОПТОЗ
DOI:
https://doi.org/10.34689/979gmr02Кілт сөздер:
радиобелсенді 56Mn , асқазан-ішек синдромы , ішектік крипталар , апоптозАңдатпа
Кіріспе. Әдеби мәліметтерге сәйкес, иондағыш сәуле әсеріне душар болғандардың
көптеген бүліндіргіш салдарымен қоса асқазан–ішек жолдарына да ерекше мән бөлінеді.
Хиросима мен Нагасакидағы атомдық бомбалаудың салдарын зерттеген жапон ғалымдарының
еңбектеріндегі нейтронды–белсенді Марганец–56 (56Mn) рaдионуклидінің басым рөлі заманауи
жағдайда да қызығушылық арттырады.
Зерттеу мақсаты. γ– мен нейтронды сәуле әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың жіңішке
ішегіндегі микроскопиялық өзгерістерді зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Тәжірибе жүзінде «Вистар» тұқымды 220–330 гр салмағы бар
аталық және аналық жынысты 36 егеуқұйрық пайдаланылған. 4 топқа іріктеу жүргізілді: 1) 56Mn,
яғни 100 мг MnО2 ұнтағын «Байкал–1» атом реакторы арқылы 4×1014 н/cм² нейтрон флюенсінде
нейтрондық белсендіру жүзінде алынған элемент; 2) бейрадиоактивті MnО2; 3) 60Cо γ–сәулелер;
4) бақылау тобы. Жануарларға сәулелеуден кейін 3–ші, 14–ші және 60–шы тәуліктерде
некропсия жүргізу барысында жіңішке ішегін алып, 10 %–тік формалинде фиксацияладық. Тін
фрагменттерін парафинге құйып, қалыңдығы 4 мкм көлденең сериялық кесінділер дайындап,
әрі қарай гематоксилин мен эозинмен (H&Е) боядық. Апоптозға арнайы бояуды AрорTag арқылы
жүзеге асырдық. Топтар арасындағы сынамаларды Стьюденттің t–өлшемі бойынша бағаладық.
Нәтижелер. Тәжірибелік жануарлардың жіңішке ішегіндегі митоздық жасушалар саны γ– мен
нейтрондық сәулелеуден кейін 60–шы тәулікте жоғарлағаны анықталған. Нейтронды–белсенді
56Mn–тің гистологиялық талдауына сай зерттелген ағзадағы апоптоздың жоғары деңгейі
тіркелген. Апоптоз ДНҚ тізбегі бүлінуінің белгісі ретінде 14–ші тәулікте аңғарылған жасушалар
зақымдануымен байланысты болған.
Қорытынды. Сонымен, егеуқұйрықтардың жіңішке ішігіне 56Mn әсері апоптоз белсенуімен
расталатын сәулелену қаупінің жоғары деңгейін көрсетті.
Әдебиеттер тізімі
Узбеков Д.Е., Шичиджо К., Фуджимото Н., Шабдарбаева Д.М., Саякенов Н.Б., Чайжунусова Н.Ж.,
Кайрханова Ы.O., Саимова А.Ж., Хоши М., Рахыпбеков Т.К. Радиационно–индуцированный апоптоз в
тонком кишечнике крыс / / Наука и Здравоохранение. 2017. №3. С. 32-44.
Uzbеkоv D.Е., Shiсhijо K., Fujimоtо N., Shаbdаrbаеvа D.M., Sayakеnоv N.B., Chaizhunusоva N.Zh.,
Kairkhanova Y.O., Saimova A.Zh., Hоshi M., Rаkhyрbеkоv T.K. Radiatiоn–inducеd aрорtоsis in the small
intеstinе оf rats. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2017, 3, pp. 32-44.
Узбеков Д.Е., Шичиджо К., Фуджимото Н., Шабдарбаева Д.М., Саякенов Н.Б., Чайжунусова Н.Ж.,
Кайрханова Ы.O., Саимова А.Ж., Хоши М., Рахыпбеков Т.К. Радиация әсерінен егеуқұйрықтардың
жіңішке ішегінде туындаған апоптоз / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №3. Б. 32-44.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Дархан Узбеков, Масахару Хоши, Айсулу Саимова, Ынкар Кайрханова, Найля Чайжунусова, Нурлан Саякенов, Дария Шабдарбаева, Нариаки Фуджимото, Казуко Шичиджо, Толебай Рахыпбеков (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.