ЖАС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ12-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢТАМАҚТАНУ ҚАЖЕТТІГІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/vdhnnw98Кілт сөздер:
жасөспірім , мектеп жасындағы балалардың тамақтануы , дұрыс тамақтануАңдатпа
Кіріспе. Жасөспірімдерде тамақтану әдебін қалыптастыраотырып жаңа өскелең организмда
муына қажетті ережелерді енгізу керек. Әсіресе осы жаста өмір ережелері қалыптаса бастайды.
Мақсаты: жынысы және этностық топ қажатуына байланысты жасөспірімдердің тамақтану
әдебін зерттеу.
Әдістері: Семей қаласының 12 орта білімберетін мектептерінде 12 - 13 жас аралығындағы
жасөспірімдерді көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде тамақтану туралы сауалнама
өткізілді. SPSS 20.0 бағдарламасы пакетін қолдана отырып, нәтижелерге статистикалық
сараптама жүргізілді.
Нәтижесі: 1519 жасөспірімдерарасында 49,1% (n=745) ұлдар, 50,9% (n=774) қыздар. Майлы
тамақты мүлдем жемейтін және шектейтін жасөспірімдер 63,8% (n=941). Жынысы және ұлты
бойынша статистикалық маңызды айырмашылық анықталғанжоқ, p=0,775 қазақтар арасында,
p=0,878 орыстар арасында. Тұзды тамақ жейтін жасөспірімдер 66,3% (n=976), жынысы мен ұлты
бойынша айырмашылық анықталмады (р=0,788). Жеміс - жидек тұтынулары бойынша (р=0,962),
ет тағамдары (р=0,458), тәттілер (р=0,121) жыныстық және ұлттық белгі бойынша
айырмашылық анықталмады. Дақылдарды тұтынуы бойынша, қыздар арасында ұлт
айырмашылығы жағынан айырмашылық анықталды (р=0,003), ұлдар арасында (р=0,976).
Қорытынды: Жасөспірімдердің көбі майлы тағамдарды шектейді немесе қолданбайды.
Жасөспірімдер ұлты және жынысына қарамастан көп мөлшерде тұзды тағам қабылдайды
66,3%. Қыздар ұлдарға қарағанда тұзды тағамдарды шектейді. Жасөспірімдердің көбі аптасына
мына заттарды қолданады: жеміс - жидектер (99,5%), ет және ет тағамдары (99,3%), сүт
өнімдері (98,7%), дәнді-дақылдар (98,4%), тәттілер (98,8%).
Әдебиеттер тізімі
Оспанова А.С., Керимкулова А.С., Рымбаева Т.Х., Маркабаева А.М. Изучение пищевых предпочтений
подростков 12-13 лет в зависимости от пола и этнической принадлежности / / Наука и Здравоохранение.
2017. №4. С. 38-49.
Ospanova A.S., Kerimkulova A.S., Rymbaeva T.H., Markabaeva A.M. Study of food preferences of
adolescents 12-13 years old depending on sex and ethnic accessories. Nauka i Zdravookhranenie [Science &
Healthcare]. 2017, 4, pp. 38-49.
Оспанова А.С., Керімқұлова А.С., Рымбаева Т.Х., Марқабаева А.М. Жас және ұлттық ерекшеліктеріне
байланысты 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдердің тамақтану қажеттігін зерттеу / / Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2017. №4. Б. 38-49.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айнур Оспанова, Айман Керимкулова, Тамара Рымбаева, Акбаян Маркабаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.