ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ШАЛҒАЙ НӘТИЖЕЛЕРІНДЕГІАЛДЫНҒЫ ҚҰРСАҚ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢРЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ҮШІН ЖАСУШАСЫРТЫЛЫҚКСЕНОІШАСТАР МАТРИКСІН ҚОЛДАНҒАН НӘТИЖЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.34689/0xzwqy42Кілт сөздер:
Permacol , жасушасыртылық ксеноішастар матриксі , алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы , морфометрияАңдатпа
Кіріспе: Әлемдік ғылымда герниопластике кезінде ксеноимплантаттарды қолдану мәселесі
бойынша жұмыстар саны жеткілікті болуына қарамастан, әр түрлі ғалымдармен келтірілген
деректер біркелкі емес екенін мойындау керек, ал осы зерттеудің өзектілігі алдыңғы құрсақ
қабырғасын реконструкциясында жасушасыртылық ксеноішастар матриксін қолданған
жұмыстардың болмауы.
Зерттеу мақсаты: Эксперименттің шалғай мерзіміндегі алдыңғы құрсақ қабырғасының
тіндерімен жасушасыртылық ксеноішастардың матриксінің имплантация аймағындағы
құрылымдық өзгерістерін зерттеу болды.
Материалдар мен әдістер: 2016 – 2017 жылдар аралығында «Қарағанды мемлекеттік
медицина университеті» РММ – ның ШЖҚ виварий базасында салмақтары 180 – 220 г. болатын,
екі түрлі жыныстағы, жетілген, қысқа жүнді, сызықты емес 16 ақ егеуқұйрықтарға алдыңғы
құрсақ қабырғасын реконструкциялау үшін жаңа биологиялық имплантатты – жасушасыртылық
ксеноішастар матриксін қолдану кезіндегі шалғай нәтижелерімен салыстырмалы эксперименттік
зерттеу жүргізілді.
Зерттелетін материалға имплантатциялаудан кейін жаралық процесстің ағымына
морфологиялық және морфометриялық әдістер көмегімен сипаттама берілген. Топтық орташа
арифметикалық ( ), орташа квадраттық ауытқу (SD) есептеу көмегімен алынған деректерге
статистикалық талдау жүргізілді. Зерттеліп отырған топтар арасындағы айырмашылықтар
параметрикалық емес критерийлер көмегімен анықталды: тәуелсіз топтарды ("тәжірибебақылау") салыстыру үшін Mann-Whitney критерийі, топтық үлестер арасындағы
айырмашылықтарды бағалау үшін Х2 критерийі.
Нәтижелер: Жаңа материалды қолданғаннан кейін эксперименттің шалғай мерзімінде
жаралық процесс ағымының ерекшеліктері зерттелген. Морфологиялық анықталды, яғни отадан
кейінгі 180 күні постимлантационды қабынусыз жетілген дәнекер тінді тыртық қалыптасуы
байқалады. Имплантациядан кейінгі 180 күнге жасушалық инфильтраттың сандық құрамы,
бастапқы бақылау мерзімімен салыстырғанда регенеративті – қабынулық процестің
пролиферативті және экссудативті фазаларында жасушалардың пропорционалды қайтымды
төмендеуімен стромальды жасушалардың құрылымдық саны өсу тарапына қарай
статистикалық маңызды өзгереді.
Қорытынды: Жасушасыртылық ксеноішастар матриксі макрорганизммен бірге жеткілікті биоүйлесімділікті көрсетіп, алдыңғы іш қабырғасының тіндерімен постимплантационды созылмалы
қабыну белгілерінсіз жетіліп, дәйекті байланыс қалыптастырды.
Әдебиеттер тізімі
Бадыров Р.М., Абатов Н.Т., Тусупбекова М.М., Альбертон И.Н., Мусабеков И.К. Результаты
применения внеклеточного матрикса ксенобрюшины для реконструкции передней брюшной стенки в
отдаленные сроки эксперимента / / Наука и Здравоохранение. 2018. №1. С. 24-35.
Badyrov R.M., Abatov N.T., Tussupbekova M.M., Alberton J.N., Mussabekov I.K. Results after application of
the extracellular bovine-derived peritoneum matrix for abdominal wall reconstruction in the long-term experiment.
Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, 1, pp. 24-35.
Бадыров Р.М., Абатов Н.Т., Тусупбекова М.М., Альбертон И.Н., Мусабеков И.К. Эксперименттің
шалғай нәтижелеріндегі алдынғы құрсақ қабырғасының реконструкциялау үшін жасушасыртылық
ксеноішастар матриксін қолданған нәтижелер / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. №1. Б. 24-35.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Руслан Бадыров, Нуркаси Абатов, Майда Тусупбекова, Иосиф Альбертон, Исламбек Мусабеков (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.