ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДАKi-67, P53 БОЛЖАМАЛЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢСТАНДАРТТЫ КӨРСЕТКІШТЕРМЕН КОРРЕЛЯЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/9y0fyh71Кілт сөздер:
Ki-67 , P53 , қуықасты безінің қатерлі ісігі , ПТА (простатаға тән антиген)Аңдатпа
Кіріспе: Қуықасты безі қатерлі ісігі (ҚБҚІ) қазіргі уақытта әлем бойынша ең әлеуметтік маңызы зор
онкологиялық аурулардың бірі болып табылады. АҚШ-та, Еуропаның кейбір елдерінде ауыру көрсеткіштері
бойынша ҚБҚІ ерлер арасындағы онкологиялық патология құрылымында бірінші орынға шықты [2]. 60 жастан 70
жасқа дейінгі ерлердің 40 %-ға дейінгі мөлшері және 80 жастан жоғары ерлердің 70 %-ы қуықасты безі қатерлі
ісігінің әртүрлі сатысымен ауырады. Ауруға шалдыққандардың 50 %-дан астамы дәрігерге әбден асқындырып, Т3-
Т4 сатыларында және метастазаларға жеткізіп бір-ақ қаралады [3].
Соңғы онжылдық қуықасты безі қатерлі ісігін анықтаудың жаңа әдістерін іздеумен ерекшеленді. Ғылыми
ізденістің ең бір белсенді жүргізілген бағыты қатерлі ісік тінінің пролиферация, апоптоз және неоангиогенез
процестерін сипаттайтын аралас молекулярлық-биологиялық маркерлерін зерттеу болды.
Алайда молекулярлық-биологиялық маркерлер онкоуролог дәрігердің күнделікті практикасынан әлі де өз орнын
тапқан жоқ, себебі олардың емдеудің соңғы нәтижесіне әсерлері туралы деректер жеткіліксіз.
Зерттеудің мақсаты: қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттердегі иммуногистохимиялық
маркерлердің (Кi 67, Р53) экспрессиясының простатаға тән антиген экспрессиясымен, сілтілі фосфатазамен және
қатерлі ісіктің Глисон межелігі бойынша болжамалы факторлар ретінде нақтылануымен үйлесімдіктегі клиникалық
маңызын зерттеу.
Материалдары және әдістері. Көлденең ретроспективті зерттеу Семей қ. Өңірлік онкологиялық диспансерінің
емханасы (қазіргі Семей қ. Ядролық медицина және онкология орталығы) базасында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап
2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізілді. Қуықасты безінің қатерлі ісігі анықталған диагнозымен 142 пациент
қаралды, олар 71 науқастан тұратын 2 қосалқы топқа бөлінді.
Пациенттерді зерттеуге қосудың критериі қан сарысуындағы простатаға тән антиген деңгейінің 10 нг/мл-ден
жоғары көлемде анықталуы болды. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу SPSS (Statistical Package for the
Social Sciences) бағдарламалар пакетінің көмегімен жүргізілген болатын, Windows-қа арналған 20.0 нұсқасы (Семей
қ. ММУ лицензиясы).
Пирсон корреляциясының коэффициенті (r) күштің сандық шамасын және зерттелетін екі белгінің арасындағы
байланыстардың бағытын білдіретін эквивалент ретінде корреляциялық талдауға негіз болды. Статистикалық
талдаудың барлық процедураларында р маңыздылық деңгейі 0,05 (р) тең немесе одан аз деп қабылданды.
Нәтижелері. Қуықасты безі қатерлі ісігінің сатылары мен Ki67 экспрессиясы деңгейі арасындағы, қатерлі ісіктің
нақтылануы мен Ki-67 деңгейі арасындағы статистикалық маңызды оң корреляция белгіленді. Ki-67 экспрессиясы
деңгейі мен оқшауланған лимфа түйіндерде метастазалардың, сондай-ақ қашықтағы метастазалардың болуының
арасында статистикалық маңызды күшті оң байланыс, Ki-67 экспрессиясы деңгейі мен сілтілі фосфатаза деңгейі
арасындағы орташа күштің оң корреляциялық байланысы, сондай-ақ Ki-67 экспрессиясы деңгейі мен простатаға
тән антиген концентрациясы арасындағы күшті оң корреляциялық байланыс анықталды.
р53 экспрессиясы деңгейі мен қашықтағы метастазалардың болуы арасындағы (r=0,769; р=0,001), р53
экспрессиясы деңгейі мен бастапқы қатерлі ісіктің көлемі арасындағы (r=0,844; р=0,03) және р53 экспрессиясы
деңгейі мен оқшауланған лимфа түйіндерінде метастазалардың болуы арасындағы статистикалық маңызды күшті
оң байланыс дәлелденді.
Қорытындылар: Жүргізілген зерттеу аясында қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттердегі
иммуногистохимиялық маркерлер экспрессиясының (Кi67, Р53) простатаға тән антиген экспрессиясымен, сілтілі
фосфатазамен және қатерлі ісіктің Глисон межелігі бойынша болжамалы факторлар ретіндегі нақтылануымен
үйлесімдіктегі клиникалық маңызын зерттеудің диагностикалық және болжамалы құндылығы дәлелденді.
Әдебиеттер тізімі
Оспанов Е.А., Адылханов Т.А. Прогностическая значимость Ki-67, P53 у больных раком предстательной железы и
их корреляция со стандартными показателями // Наука и Здравоохранение. 2019. 4 (Т.21). С. 80-89.
Ospanov E.А., Аdylkhanov Т.А. Prognostic significance of Ki-67, P53 in patients with prostate cancer and their
correlation with standard indicators // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 4, pp. 80-89.
Оспанов Е.А., Адылханов Т.А. Қуықасты безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда Ki-67, P53 болжамалы
маңыздылығы және олардың стандартты көрсеткіштермен корреляциясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 4
(Т.21). Б. 80-89.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ерлан Оспанов, Тасболат Адылханов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.