ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢҚАРТТАР АРАСЫНДА СОЗЫЛМАЛЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕМЕСАУРУЛАРДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/mgfwa094Кілт сөздер:
эпидемиология , геронтология , қоғамдық денсаулық сақтауАңдатпа
Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы қазіргі демографиялық ахуалдың өзгеруі бірінші кезекте халықтың
қартаюының айқын көрінген үрдістеріне байланысты. Қазіргі уақытта елдегі 65 және одан жоғары жастағы
адамдардың үлесі 7% - дан асты, осылайша оның әлемнің "қартайған" елдерінің тобына кіруін анықтады. 60 және
одан жоғары жастағы халықтың үлесі 2015 жылдың басында 11,2% - ға жетті, жүзжылдықтың ортасына қарай 25%
жоғарылауы болжан, бұл ретте 80 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 3 еседен астам ұлғаяды. Таяу он
жылдықта халықтың күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 70,3 жылдан 72,0 жылға дейін өседі деп болжануда.
Осылайша, 2020 жылға қарай ерлер мен әйелдер үшін осы көрсеткіштердің тиісінше 65,76 және 75,02 жылға дейін
артуы күтілуде, бұл батыс Еуропа елдеріне қарағанда 8-12 жылға төмен болып табылады.
Мақсаты. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының аумағында тұратын егде жастағы (65 жас және одан
жоғары) адамдардың сырқаттанушылық құрылымын зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Қазақстан Республикасы Түркістан облысы аумағында 2107 жылдың қараша
айынан 2019 жылдың қаңтар айы аралығында сауалнама жүргізу арқылы 2481 адамды қамтыған когорттық
әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу нысаны 60-тан 75 жасқа дейінгі қарт адамдар болды, алайда 75 жастан асқан
адамдар да зерттеуге қатысты. Іріктеу Түркістан облысының екі қаласында, Шымкент және Түркістан қаласында,
сондай-ақ Созақ, Түлкібас, Төлеби және Сайрам аудандарында жүргізілді. Өңдеу негізінде жүргізілген зерттеуге
сәйкес абсолютті деректер жатады, ұсынылған мәліметтердің бір бөлігі жақсы қабылдау үшін пайыздық
(салыстырмалы) қатынаста ұсынылған. Статистикалық және математикалық мәліметтерді өңдеу Excel
қосымшасының көмегімен жүзеге асырылды.
Нәтиже. Жүргізілген талдау көрсеткендей, Түркістан облысының 60 жастан асқан және одан асқан қарт
адамдары сұралған респонденттердің жалпы санынан созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен (79,5%) және өкпенің
обструктивті ауруымен (25,8%) жиі ауырады. Бұдан басқа, бұл трендті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес бүкіл ел аумағында бақылауға болады.
Қорытынды. Елде созылмалы инфекциялық емес аурулардың жоғары таралуын ескере отырып, халықтың
денсаулығын нығайту үшін профилактикалық араласу бағдарламаларын дамыту және жоспарлау қажет.
Әдебиеттер тізімі
Архипов В.А., Мендыбаев Е.С., Арингазина А.М. Эпидемиология хронических неинфекционных заболеваний
среди пожилого населения Туркестанской области Республики Казахстан // Наука и Здравоохранение. 2019. 6
(Т.21). С. 41-48.
Arkhipov V.A., Mendybaev Ye.S., Aringazina A.M. Epidemiology of chronic non-communicable diseases among the
elderly population of the Turkestan region of the Republic of Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].
2019, (Vol.21) 6, pp. 41-48.
Архипов В.А., Мендыбаев Е.С., Арингазина А.М. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының қарттар
арасында созылмалы инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6
(Т.21). Б. 41-48.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Виктор Архипов, Ермек Мендыбаев, Алтын Арингазина (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.