SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖҮРЕК ЛАҚТЫРЫЛЫСЫ САҚТАЛҒАН ЖҮРЕКСОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢӨМІР СҮРУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ehebv041

Кілт сөздер:

өмір сапасы , Миннесот сауалнамасы , физикалық денсаулығы , психологиялық жағдайы

Аңдатпа

Кіріспе. Өмір сүру сапасы (ӨСС) аурумен ассоциацияланған және ассоциацияланбаған параметрлердің
бағасын білдіреді және ауру мен емнің науқастың психологиялық, эмоциялық жағдайына, оның әлеуметтік
мәртебесіне әсерін ажыратып, анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты жүрек лақтырылысы сақталған жүрек созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) бар науқастардың
өмір сүру сапасын бағалау болды.
Материалдар мен әдістер. ШҚО, Семей қаласында жүргізілген бірмезгілдік көлденең зерттеу. Бұл зерттеу
2018 жылдын 03 Науырыз айынан бастап 2019-шы 03 Қантар айына дейін өткізілген. Зерттеуге 306 адам қатысты.
ӨСС бағалау үшін Миннесоттық сауалнама қолданылды. Деректер абсолюттік сандар және пайыздармен, сондайақ орта және оның 95% сенімді интервалы мен стандартты ауытқуымен берілген. Орташа мәндерді салыстыру
Стьюденттің t-критерийі арқылы жүргізілді.
Нәтижелері. Науқастардың орташа жасы 64,6 (±11,67) болды. Респонденттердің басым бөлігін жергілікті
тұрғындар (71,6%) құрады. Орта білімі бар науқастар 87,9% құрады. Зерттеуге қатысушылардың басым бөлігін
зейнеткерлер (60,5%) құрады. Зерттеуге қатысушылардың лақтырылыс фракциясының орташа көрсеткіштері 60,7
(±5,54) тең болды. Зерттеуге қатысушылар денсаулығының жалпы физикалық компонентінің орташа көрсеткіштері
20,8 (±8,34) тең болды. Сауалнамаға қатысушылар денсаулығының жалпы психологиялық компонентінің орташа
көрсеткіштері 6,8 (±5,16) тең болды. Сауалнама бойынша қорытынды балдардың нәтижесі бойынша орташа балл
42,7 (±17,45) тең болды.
Қорытынды. Зерттеуге қатысушылар денсаулығының физикалық компоненті ӨСС-ның орташа
қанағаттанарлық деңгейіне сәйкес келді. Бұл ретте әйелдер ӨСС-ның физикалық компонентінің көрсеткіші
ерлерден нашар болды. Сауалнамаға қатысушылар депрессивті көріністер мен мазасыздық бұзылуларға аз
шалдыққан. Зерттеу қатысушыларында сауалнама бойынша баллдардың қорытынды сомасы ӨСС-ның орташа
қанағаттанарлық деңгейіне сәйкес келеді. 

Автор өмірбаяны

  • Гульнар Шалгумбаева

     PhD, ассистент кафедры семейной медицины НАО «Медицинский
    университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Орынбасарова Б.А., Шалгумбаева Г.М., Даутов Д.Х., Петрова Ю.В., Юрковская О.А., Жазыкбаева Л.К. Оценка

качества жизни пациентов с хронической сердечной недостаточностью с сохраненным сердечным выбросом // Наука

и Здравоохранение. 2020. 2(Т.22). С. 93-99. doi 10.34689/SH.2020.22.2.011

Orynbasarоva B.A., Shalgumbayeva G.M., Dautov D.H., Petrоva Ju.V., Yurkоvskaya O.A., Zhazykbaeva L.K.

Assessment of the quality life of patients with chronic heart failure with normal ejection fraction // Nauka i Zdravookhranenie

[Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 2, pp. 93-99. doi 10.34689/SH.2020.22.2.011

Орынбасарова Б.А., Шалгумбаева Г.М., Даутов Д.Х., Петрова Ю.В., Юрковская О.А., Жазыкбаева Л.К. Жүрек

лақтырылысы сақталған жүрек созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастардың өмір сүру сапасын бағалау // Ғылым

және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 93-99. doi 10.34689/SH.2020.22.2.011

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.