SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЙЫ ЖЕТІП ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРӚМІРІНІҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАННЕОНАТАЛЬДЫ САРҒАЮДЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/454g8t11

Кілт сөздер:

ұзаққа созылған неонатальды сарғаю , гипербилирубинемия , айы жетіп туылған , нәрестелер , нәтиже

Аңдатпа

Кіріспе. Неонатальды сарғаюдың патологиялық жағдайға өту критерийлерінің бірі нәресте туылғаннан бастап
14 күннен астам өмір ұзақтығы болып табылады. Көптеген зерттеушілер неонатальды сарғаюдың өсуін және
орталық жүйке жүйесі тарапынан балалардың церебральды сал ауруы, нейро-сенсорлық құлақ мүкістігі, мінезқұлықтық бұзылулар түрінде мүмкін болатын асқынуларды атап өтеді. Аурудың пайда болуы жаңа туылған кезден
басталуы мүмкін, ал үлкен жаста адам өмірінің сапасын айтарлықтай төмендетеді
Мақсаты: Алматы қ. №2 Балалар Қалалық Клиникалық Ауруханасының (БҚКА) ерте жастағы неврологиялық
бөлімшесі мысалында, ұзаққа созылған неонатальды сарғаюға шалдыққан өмірінің бірінші жылындағы
нәрестелердегі психикалық-моторлы бұзылыстарды зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Бұл зерттеудің материалдары Алматы қаласының №2 Балалар
Қалалық Клиникалық Ауруханасының ерте жастағы неврологиялық бөлімшесінде стационарлық емделуде болған
өмірінің бірінші жылындағы айы жетіп туылған нәрестелердің 160 сырқатнамасына ретроспективті жағдай бақылауталдау 2016 жылдың қаңтар айынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта жүргізілді. Жағдай
тобына қосу критерийлері: айы жетіп туылуы, Алматы қаласының тұрғыны, ауруханаға жатқызу жатқызу кезіндегі
жасы 0-ден 12 айға дейін, ұзаққа созылған сарғаю фактісі және сарысудың жалпы билирубин деңгейі> 85
мкмоль/л. Жағдай тобынан алып тастау критерийлері: шала туылуы, неонатальды сарғаю фактісінің болмауы,
сарысудың жалпы билирубин деңгейі < 85моль/л, ауыл тұрғыны. Бақылау тобына қосу критерийлері: айы жетіп
туылуы, Алматы қаласының тұрғыны, ауруханаға жатқызу кезіндегі жасы 0- ден 12 айға дейін, неонаталды сарғаю
фактісінің болмауы. Бақылау тобынан алып тастау критерийлері: шала туылуы, неонатальды сарғаю фактісінің
болуы, ауыл тұрғыны.
Нәтижелері: Жағдай және бақылау топтары арасындағы Манна-Уитни критериі, тек жас шамасы бойынша
р=0,018 айырмашылықты көрсетті, бұл жағдай тобындағы неврологиялық бұзылыстардың ерте дебютімен байланысты. Антенаталды анамнездің ауырлау қаупі факторлары бойынша р-0,000 Хи-квадрат критерийін
пайдалана отырып, статистикалық маңызды айырмашылықтар табылды; гипербилирубинемияның даму
тәуекелінің келесі факторлары статистикалық маңызды ретінде белгіленген: АВО тобы немесе резус факторы
бойынша үйлеспеушілік (р-0,039), кесар тілігі арқылы босандыру (р-0,029). Жағдай тобының балалары өмірінің
алғашқы үш айында (р-0,000) ауруханаға жатқызылған, клиникада дискинетикалық синдром (р-0,002) басым болған,
балалардың церебральды сал ауруы (р-0,006) диагнозы жиі қойылған, компьютерлік және магнитті-резонанстық
томография деректері бойынша ликвородинамиканың (р-0,006) бұзылуы анықталған, рутты
электроэнцефалография деректері бойынша мидың биоэлектрлік белсенділігінің (р-0,004) қалыптасу кідірісі болған.
Қорытындылар: Айы жетіп туылған нәрестелердегі ұзаққа созылған неонатальды сарғаюдың неврологиялық
нәтижелері балалардың церебральды сал ауруымен, дискинетикалық синдром түріндегі қозғалудың бұзылуымен
сипатталады, диагностиканың аспаптық (нейросонография, электроэнцефалография және компьютерлік немесе
магнитті-резонанстық томография) әдістерінің деректері бойынша патологиялық өзгерістер, балалар неврологының
нәресте өмірінің бірінші жылының екінші жартысындағы және одан да үлкен жастағы ұзақ мерзімді салдарларын
одан әрі бақылауды талап етеді.

Автор өмірбаяны

  • Жаннат Ракишева

     магистрант 2 года обучения, Казахский медицинский университет непрерывного образования,
    г. Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Ракишева Ж.В., Лепесова М.М., Рабандияров М.Р. Неврологические исходы затяжной неонатальной желтухи у

доношенных детей первого года жизни города Алматы // Наука и Здравоохранение. 2020. 3 (Т.22). С. 89-97. doi

10.34689/SH.2020.22.3.011

Rakisheva Zh.V., Lepessova M.M., Rabandiyarov M.R. Neurological outcomes of prolonged neonatal jaundice in fullterm infants IN Almaty city // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 3, pp. 89-97. doi

10.34689/SH.2020.22.3.011

Ракишева Ж.В., Лепесова М.М., Рабандияров М.Р. Алматы қаласында айы жетіп туылған нәрестелер өмірінің

бірінші жылындағы ұзаққа созылған неонатальды сарғаюдың неврологиялық нәтижелері // Ғылым және Денсаулық

сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 89-97. doi 10.34689/SH.2020.22.3.011

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.