КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІМЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫРЕАКЦИЯСЫ МЕН КҮРЕСУ СТРАТЕГИЯСЫ:КӨЛДЕНЕҢ ОНЛАЙН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/3c41bk05Кілт сөздер:
COVID-19 , карантин , депрессия , мазасыздық , копингАңдатпа
Кіріспе: Коронавирустық инфекция (СOVID-19) медицина қоғамы арасында айтарлықтай алаңдаушылық
тудырады. Алдыңғы қатарлы эпидемияда жұмыс істейтін клиницистерге көп көңіл бөлінсе де, медицина
студенттерінің денсаулығына пандемияның тигізер әсері туралы деректер өте шектеулі.
Мақсаты: Бұл зерттеу COVID-19 әлеуметтік шектеулер жағдайында Қазақстан Медицина университетінің
студенттері арасындағы белгілі күрес стратегиясымен байланысты эмоционалды реакциялар мен базалық
сезімдерді бағалауға бағытталған.
Материалдар мен әдістер: Көлденең сауалнама «Семей медицина университеті» КеАҚ 279 студенті арасында
өткізілді. Бағалау құралдарына базалық эмоциялар/сезімдерді өлшеуге арналған визуальды-аналогтық шкалалар,
сонымен қатар мазасыздық пен депрессияны бағалаудың Госпитальдық шкаласы кірді. Деректерді салыстыру бір
факторлы дисперсиялық талдау және Краскал-Уоллис тестісі арқылы жүргізілді. Covid-19 бойынша карантин
жағдайындағы депрессия мен мазасыздыққа байланысты демографиялық сипаттамалар мен копингтерін анықтау
үшін мүмкіндік қатынасы (МҚ) есептеу арөқылы логистикалық регрессия қолданылды.
Нәтижесі: Жалпы, респонденттердің 17,6%-ында мазасыздық белгілері болған және 30,0%-ы депрессияны
бастан кешкен, 3,6%-ы қорқыныш туралы, 5,7%-ы - ашу туралы, 9,3%-ы-зерігу туралы, және 5,7%-ы - түңілу туралы
хабарлады. Депрессия шкаласы бойынша орташа балл бакалавриат студенттері (p=0,019) мен резиденттер
арасында айтарлықтай жоғары болды (p=0,035). Бакалавриат бағдарламасының студенттері мен интерндер стрессті жеңу үшін спортпен шұғылданатынын (p=0,020), күнделік жүргізетінін (p=0,029), бейне ойындар (p=0,008)
ойнайтындары туралы жиі айтты. Сонымен қатар резидентура, магистратура және докторантурада оқитындар
клиникалық қызметке (p=0,006) шому арқылы стрессті көтерген. Мазасыздықты анықтау мүмкіндігі белсенді онлайн
блогтар жазумен айналысатын оқушылар арасында 1,56 есе жоғары болды. Керісінше, өздігінен білім алу
мазасыздық симптомдарымен кері байланысты көрсетті (МҚ=0,73). Депрессия үшін, жасы (МҚ=0,88), өздігінен білім
алуға шоғырлану (МҚ=0,68) және телевизиялық хабарлар мен фильмдерді көру (МҚ=0,76) регрессиялық модельде
қорғау факторлары болды. Алкогольді тұтыну кезінде депрессияны дамыту мүмкіндігі 1,65 есе өсті.
Қорытынды: Бұл зерттеу COVID-19 жағдайындағы қазақстандық медицина студенттерінің арасындағы
эмоционалды реакциясы мен күресу стратегиясы туралы алғашқы түсінікті дамытуға ықпал етеді. Зерттеу
нәтижелері оқушылардың денсаулығын сақтау үшін алдын-алу әрекеттерін негіздеуге пайдалануға болады.
Әдебиеттер тізімі
Prilutskaya M., Mendualieva T., Corazza O. Emotional reactions and coping strategies of medical students during the
COVID-19 pandemic: an online cross-sectional study // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 4,
pp. 5-14. doi 10.34689/SH.2020.22.4.001
Прилуцкая М.В., Мендуалиева Т.Т., Корацца О. Эмоциональное реагирование и копинг-стратегии среди
студентов-медиков во время пандемии коронавирусной инфекции: поперечное онлайн исследование // Наука и
Здравоохранение. 2020. 4 (Т.22). С. 5-14. doi:10.34689/SH.2020.22.4.001
Прилуцкая М.В., Мендуалиева Т.Т., Корацца О. Коронавирустық инфекция пандемиясы кезіндегі медицина
студенттер арасындағы эмоционалды реакциясы мен күресу стратегиясы: көлденең онлайн зерттеу // Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 5-14. doi:10.34689/SH.2020.22.4.001
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Категориялар
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Мария Прилуцкая, Токжан Мендуалиева, Орнелла Корацца (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.