SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫНАДАМДАРДЫҢ ТОПТАРЫНДАҒЫ АРТЕРИЯЛЫҚГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ ҚАУПІ МЕН ТАРАЛУЫН БАҚЫЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/8txgwc02

Кілт сөздер:

артериялық гипертензия , радиоактивті қалдықтар , халық

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы әлемдегі уран қорының шамамен 25% ие және уран кені
бойынша әлемде жетекші орын алады.Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағында байыту
қондырғыларының қалдықтары, үймелік сілтісіздендіру қатарлары, гидрометаллургиялық зауыттардың
қалдыққоймасы, өңделмеген шикізат кенінің үйінділері ретінде 200 млн тоннадан астам уран кенінің қалдықтары
жинақтаған. Олар радиоактивті және химиялық ластану көзі ретінде қоршаған ортаға үлкен қауіп болып табылады. Қазіргі уақытта республикада радиоактивті қалдықтардың бірнеше қалдық қоймалары пайдаланылады. Олардың
ішіндегі ең ірісі 1956 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Степногорск тау-кен химиялық комбинатының
гидрометаллургиялық зауытының радиоактивтік қалдықтарының қалдыққоймасы пайдаланылуда, зауыт өз
кезегінде уран тотығы мен басқа да сирек металдар өндірісінің ірі кешендерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік
қалдықтардың негізгі түрлері - уран кенін өңдеудегі қалдықтар құрамындағы радионуклидтер қауіптің бірінші
класына жатады. Оның өндірілуі республика уранның өндірісінің ұлғаюы мен техногенді радиациялық және
токсиндік әсерлер кешенінің жоғарлауына әкеледі. Бұл ретте уран өңдеу кәсіпорындарының радиоактивті
қалдықтар қоймасының техногенді факторлары оның әсер ету аймағында тұратын халыққа иондаушы
сәулелердің төмен дозаларының әсерін бағалау және сомотикалық аурушаңдық қаупін зерттеу өзекті мәселе
болып табылады.
Зерттеу мақсаты: уран өңдеу кәсіпорнының радиоактивті қалдықтарын сақтау қоймасының техногендік
факторларының осы аймақта тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен
таралуына ықтимал әсерін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Негізгі топ - уран өндірісінің радиоактивті қалдықтарының қоймаларына
жақын тұратын халық, сондай – ақ бақылау тобы-Степногорск қаласынан 100 км-ден астам жерде орналасқан
Ақкөл қаласы тұрғындарының соматикалық аурулардың жиілігіне және даму тәуекеліне теріс техногендік
факторлардың ұзақ мерзімді әсеріне ұшыраған адамдар арасында когортты ретроспективті зерттеу нәтижелері
ұсынылды. Зерттеу 399 адамды қамтиды, оның ішінде 255 адам негізгі топ және 174 адам бақылау тобы. Зерттеу
нәтижелері IBM SPSS Statistics 20 бағдарламалық өнімін және Microsoft Excel бағдарламасын пайдалану арқылы
өңделді.
Зерттеу нәтижелері: Зерттеулер көрсеткендей, аз мөлшерде ұзақ сәулелендіру соматикалық аурушаңдықтың
өсуіне әкелуі мүмкін. Радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларына жақын тұратын адамдарға жүрек-қан
тамырлары жүйесінің патологиясы тән болып табылады, оның құрылымында бірінші дәрежелі орынды артериялық
гипертензия – 83% алады, бұл иондаушы сәуле шығарудың кіші дозаларының халық арасында артериялық
гипертензияның қаупі мен таралуына ықтимал әсерін көрсетеді.
Қорытынды: Алынған деректер халықтың осы аумақта ұзақ өмір сүруі артериялық гипертензия ауруларының
таралуына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. 

Автор өмірбаяны

  • Құралай Ілбекова

    Head of laboratory, Institute of Radiobiology and Radiation Protection nCJSC «AMU». 

Әдебиеттер тізімі

Ilbekova K.B., Dzhanabayev D.D., Kazymbet P.K., Aumalikova M.N., Bakhtin M.M., Ibrayeva D.S. Risk management and

prevalence of arterial hypertension in a cohort of people living in the affected area of radioactive waste storage // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 5, pp. 109-115. doi 10.34689/SH.2020.22.5.011

Ілбекова Қ.Б., Джанабаев Д.Д., Қазымбет П.Қ., Аумаликова М.Н., Бахтин М.M., Ибраева Д.С. Мониторинг риска и

распространенность артериальной гипертензии в когорте людей, проживающих в зоне влияния хранилищ

радиоактивных отходов // Наука и Здравоохранение. 2020. (Т.22) 5. С. 109-115. doi 10.34689/SH.2020.22.5.011

Ілбекова Қ.Б., Джанабаев Д.Д., Қазымбет П.Қ., Аумаликова М.Н., Бахтин М.M., Ибраева Д.С. Радиоактивті

қалдықтарды сақтау аймағында тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен

таралуын бақылау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 109-115. doi 10.34689/SH.2020.22.5.011

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-26

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.