ИШЕМИЯЛЫҚ АЛДЫН АЛА КОНДИЦИЯЛАУ ФЕНОМЕНІНДИАГНОСТИКАЛАУДА ЖӘНЕ АНТИАНГИНАЛЬДІ ЕМНІҢ ТИІМДІЛІГІНБАҒАЛАУДА ЭКГ ХОЛТЕР МОНИТОРЛАУЫНЫҢ РӨЛІ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/hbe5s846Кілт сөздер:
ишемиялық алдын ала кондициялау , ЭКГ холтер мониторлауы , антиангинальді терапия , тұрақты стенокардияАңдатпа
Кіріспе: Холтер мониторлауы (ХМ) жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын анықтау үшін ғана емес,
жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастарда миокард ишемиясының эпизодтарын бағалау үшін де
қолданылады. Қазіргі уақытта зерттеушілер арасында ХМ диагностикалық құндылығы туралы бірыңғай пікір жоқ.
Бірқатар авторлар әдістің жоғары сезімталдығы мен ерекшелігін анықтай отырып; бұл ЖИА диагнозын растаудағы
негізгі әдістердің бірі ретінде қарастырады.
Мақсаты: Қазіргі кездегі холтер мониторлауының диагностикадағы рөлі және ишемиялық алдын-ала
кондициялау құбылысы және тұрақты стенокардиямен ауыратын науқастарда антиангинальды терапияның
тиімділігін бағалау туралы әдеби дереккөздерді талдау.
Іздеу стратегиясы: Дәлелді медицинаның деректер базасында (PubMed, Scopus, Ebscohost, Medline, the
Cochrane Library) ғылыми жарияланымдарға іздеу жүргізілді. SpringerLink, Web of Knowledge (ThomsonReuters),
(ResearchGate) және электрондық ғылыми кітапханада (CyberLeninka). Қосу критерийлері: үлкен популяцияларда
жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, мета-талдаулар және жүйелі шолулар,
ағылшын және орыс тілдеріндегі түпнұсқалық зерттеулер. Іздеу тереңдігі 20 жыл (2001-2021).
Нәтижелер: ХМ жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына байланысты миокардтың оттегіге қажеттілігінің артуымен
шақырылатын немесе жүрек соғу жиілігінің жоғарылауынсыз коронарлық қан айналымының бұзылуына тәуелді
ишемия эпизодтарын анықтауға мүмкіндік береді. Жүктеме сынағы жүрек соғу жиілігінің жоғарылауымен ғана
оттегіге қажеттіліктің жоғарылауын бағалайды. Алғаш рет ишемиялық алдын ала кондициялауды (ИК) зерттеу үшін
ЭКГ Холтер мониторлауын 1995 ж D. Tzivoni, S. Maybaum, N. Bloch, M. Ilan жүзеге асырды. ИК құбылысының
уақытша тәуелділігі эксперименттік және клиникалық зерттеулерде миокардтың адаптивті қорғанысы ретінде
көрсетілген. Қазіргі уақытта ХМ ЖИА диагнозын нақтылау үшін ғана емес, емдеуді бақылау үшін де қолданылады.
Аурудың динамикасын бағалау үшін әдетте ишемияның жеке эпизодтарының сипаттамалары ғана емес (саны,
ұзақтығы, ЭКГ өзгеруінің ауырлығы), сонымен қатар "ишемияның бір күндегі жалпы ұзақтығы" ретінде интегралды
көрсеткіш қолданылады. Антиангинальды терапияны жеке таңдау ЭКГ ХМ көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қорытынды: ХМ әдісі ИК феноменін диагностикалауға мүмкіндік береді. Адаптациялық қорғаныс феноменінің
болуы коронарлық резерв деңгейіне айтарлықтай әсер етеді және ишемия эпизодтарының ұзақтығының
төмендеуімен, ишемияның жалпы индексімен, физикалық белсенділікке төзімділіктің жоғарылауымен сипатталады.
Көп тәуліктік ХМ ИК феномені бар тұрақты стенокардиясы бар науқастарда антиангинальді терапияны тиімді
таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер тізімі
Чиныбаева А.А. Роль холтеровского мониторирования ЭКГ в диагностике феномена ишемического
прекондиционирования и оценке эффективности антиангинальной терапии. Обзор литературы // Наука и
Здравоохранение. 2022. 1 (Т.24). С. 108-116. doi 10.34689/SH.2022.24.1.013
Chinybaeva A.A. The role of Holter ECG monitoring in the diagnosis of the phenomenon of ischemic preconditioning and
evaluation of effectiveness antianginal therapy. Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 1,
pp. 108-116. doi 10.34689/SH.2022.24.1.013
Чиныбаева А.А. Ишемиялық алдын ала кондициялау феноменін диагностикалауда және антиангинальді емнің
тиімділігін бағалауда ЭКГ Холтер мониторлауының рөлі. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б.
108-116. doi 10.34689/SH.2022.24.1.013
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Асель Чиныбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.