SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ТӨМЕН ДЕНЕ САЛМАҒЫМЕН ЖЕТІЛМЕЙ ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕДЕГІТУА БІТКЕН ПНЕВМОНИЯНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ НӘТИЖЕЛІ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/k5eevd53

Кілт сөздер:

туа біткен пневмония , шала туылған нәресте

Аңдатпа

Өзектілігі: Жыл сайын әлемде шамамен 15 миллион жаңа туған нәресте шала туылады, орташа есеппен бұл
әрбір оныншы бала. Қазіргі уақытта көптеген елдер шала туылған нәрестелер арасындағы өлімді азайту үшін
шаралар қабылдауда. Мысалы, АҚШ – тың Айова университетінің тізілімінде Токио перзентханасында туылған,
салмағы 268 г бала - бұл жапондық нәресте әлемдегі ең кішкентай салмақпен дүниеге келген бала ретінде ресми
түрде тіркелді. Алдыңғы рекорд 2009 жылы туылған Германиядан туылған балаға тиесілі болатын – оның салмағы
274 грамм болды. Одан кейін салмағы 252 грамм болатын әлемдегі ең кішкентай қыз Германияда дүниеге келген
еді. Қазіргі заманғы медицина тарихында бұндай 23 жағдай тіркелген, салмақтары 300 г-нан аз аман қалған
нәрестелер, олардың он тоғызы қыздар, төртеуі ұлдар. Біз сипаттаған жағдай ерекше, себебі салмағы 470 грамм
болатын нәресте туа біткен пневмониямен туылған және сәтті үйіне шығарылған. [24].
Мақсаты: Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруінің клиникалық көріністерін және шала туылған нәрестелердегі
туа біткен пневмонияның мүмкін нәтижелерін ұсыну.
Материалдар мен әдістер: Ретроспективті талдау. Бұл клиникалық жағдай дене салмағы өте төмен науқастың
медициналық тарихы негізінде сипатталған. Клиникалық және зертханалық көрсеткіштердің тән өзгерістері
сипатталған, диагнозы бар қызда: туа біткен пневмония, ауыр дәрежелі ауырлықта. Респираторлық стресс
синдромы, ауыр ағымды. Гестациялық жасы 25 апта және 5 күн.
Қорытынды: Дене салмағы өте төмен (470 грамм) шала туылған нәресте Перинаталды орталықта болды,
онда 124 күн ішінде емдеу мен күтім, мамандандырылған көмек алды. Терең жетілмегендігіне және ерте жетілуіне
қарамастан, бұл жағдай қолайлы нәтиже береді. Тірі қалған шала туылған нәрестеде бронхопульмональды
дисплазияның, анемияның дамуы байқалды, болашақта бұл жағдайлар баланың өмір сапасына әсер етеді.
Динамикада бала қанағаттанарлық жағдайда, салмағы 2003г болып үйге шығарылды. Қазіргі медицинада бұл
ерекше жағдай, дене салмағы өте төмен шала туылған нәрестелердегі туа біткен пневмонияны одан әрі егжей –
тегжейлі зерттеу және медициналық университеттердің студенттері мен неонатолог-реаниматолог дәрігерлерінің
қызығушылығын тудыруы мүмкін. Және аралас мамандық дәрігерлері үшін қажет. 

Автор өмірбаяны

  • Гульнар Тайоразова

    a 2-year doctoral student in the specialty "Medicine", Department of Pediatrics and
    Medical Rehabilitation named after D.M.Tusupova, NJSC "Semey Medical University". 

Әдебиеттер тізімі

Taiorazova G.B., Alimbaeva A.R., Tanatarov S.Z., Smailova Zh.K., Lobanov Yu.F. A case of favorable outcome of

congenital pneumonia in a premature infant extremely low body weight // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].

2022, (Vol.24) 2, pp. 225-232. doi 10.34689/SH.2022.24.2.028

Тайоразова Г.Б., Алимбаева А.Р., Танатаров С.З., Смаилова Ж.К., Лобанов Ю.Ф. Случай благополучного исхода

врожденной пневмонии у недоношенного ребенка с крайне низкой масой тела // Наука и Здравоохранение. 2022.

2(Т.24). С. 225-232. doi 10.34689/SH.2022.24.2.028

Тайоразова Г.Б., Алимбаева А.Р., Танатаров С.З., Смаилова Ж.К., Лобанов Ю.Ф. Төмен дене салмағымен

жетілмей туылған нәрестедегі туа біткен пневмонияның қолайлы нәтижелі жағдайы // Ғылым және Денсаулық

сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 225-232. doi 10.34689/SH.2022.24.2.028

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.