SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КҮНТІЗБЕСІНЕ АДАМНЫҢ ПАПИЛЛОМАВИРУСЫНАН ТУЫНДАҒАН АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯНЫ ЕНГІЗУГЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТАЛДАУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Авторлар

  • Мамыр Торебекова Автор
  • Асель Байбусинова Автор
  • Ербол Смаил Автор
  • Бакыткуль Токтабаева Автор
  • Жанар Жуманбаева Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/wfw30x62

Кілт сөздер:

адам папилломавирусы , адам папилломавирусына қарсы вакцинация

Аңдатпа

Кіріспе: Адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинация - бұл жалпы халық арасында HPV инфекциясының
жиілігін төмендету арқылы жатыр мойны обырының алдын-алудың негізгі денсаулық сақтау стратегиясы. HPV
жаһандық ауыртпалығының көп бөлігі (шамамен 85%) дамушы елдерде шоғырланған, онда әйелдердегі барлық
қатерлі ісіктердің шамамен 12% құрайды. Скринингтен басқа, ол бүкіл әлемде жатыр мойны обырының ауыртпалығын
едәуір төмендетудің қуатты құралын ұсынады. Вакцинация мен скринингтің ақылға қонымды үйлесімі
вакцинацияланған популяцияларда жатыр мойны обырының таралуын азайтуға көмектеседі. Вакцина әйелдерде
аногенитальды трактінің қатерлі ісіктерінен жан-жақты қорғауды ұсынатын вульваның, қынаптың және анальды
каналдың қатерлі ісіктеріне қарсы өте тиімді болып саналады.Қазір көптеген елдердің нарықтарында HPV-ке қарсы екі
вакцина бар - екі валентті және төрт валентті. Екі вакцина да 16 және 18 типті вирустарды жұқтырудың алдын алуда
өте тиімді, бұл бүкіл әлемде жатыр мойны обырының 70%-ына әкеледі. Бірнеше континенттерде жүргізілген
клиникалық сынақтар мен тіркеуден кейінгі алғашқы бақылау деректері екі вакцинаның да қауіпсіздігін көрсетеді.
Көптеген елдерде HPV-тен иммунизацияға оң байланысы бар бастапқы мақсатты топ-9 жастан 14 жасқа дейінгі
жасөспірім қыздар. Екі вакцина үшін вакцинация күнтізбесі вакцина алушының жасына байланысты.
Мақсаты: Қазақстан Республикасында және әлемде адам папилломавирусына қарсы вакцинацияны
ұйымдастыруды зерттеу.
Іздеу стратегиясы: Дереккөздер келесі дерекқорларда іздестірілді: Pubmed, Scopus, Ebscohost, Medline, The
Corrane Library, Cyberlininka, Google Academy. Іздеу тереңдігі 10 жыл болды: 2011 жылдан 2021 жылға дейін. Қосылу
критерийлері: үлкен популяцияларда жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулердің есептері;
мета-талдаулар және жүйелі шолулар; ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар, толық мәтінді мақалалар, тегін
толық мәтінді мақалалар. Алып тастау критерийлері мыналар болды: жекелеген жағдайлар мен істер қатарын
сипаттайтын мақалалар; мақалалар, дәлелдемелік базасы жоқ материалдар, баяндамалардың қысқаша мазмұны,
тезистер мен газет мақалалары. Осы тақырып бойынша 138 мақала табылды, оның ішінде 52 мақала енгізілген.
Нәтижелер: Әдебиетті шолу адамның парилома вирусының әйелдерде де, ерлерде де мүгедектікке және
өлімге әкелетін көптеген аурулармен байланысты екенін көрсетті; HPV-ге қарсы вакцинация оны ұлттық
бағдарламаларына енгізген барлық елдерде оның тиімділігі мен қауіпсіздігін растады;
Қорытынды: Адам папилломавирусына қарсы вакцинациямен қамтуды арттыру үшін кешенді тәсіл қажет.
Вакцинацияның мақсатты аудиториясы ретінде жасөспірімдер, ата-аналар және медицина қызметкерлері арасында
хабардарлықты арттыру маңызды.

Автор өмірбаяны

  • Мамыр Торебекова

    магистрант по специальности «Общественное здравоохранение», НАО
    «Медицинский университет Семей», г.Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Торебекова М.С., Байбусинова А.Ж., Смаил Е.М., Токтабаева Б.Ж., Жуманбаева Ж.М. Профилактикалық

егулердің ұлттық күнтізбесіне адамның папилломавирусынан туындаған ауруларға қарсы вакцинацияны енгізуге

халықтың дайындығын талдау: әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 183-192. doi

10.34689/SH.2022.24.2.022

Torebekova M.S., Baibussinova A.Zh., Smail Ye.M., Toktabaeva B.Zh., Zhumanbayeva Zh.M. Analysis of the

population's readiness to include vaccination against diseases caused by the human papillomavirus in the national calendar

of preventive vaccinations: literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 2, pp. 183-

192. doi 10.34689/SH.2022.24.2.022

Торебекова М.С., Байбусинова А.Ж., Смаил Е.М., Токтабаева Б.Ж., Жуманбаева Ж.М. Анализ готовности

населения к включению вакцинации против заболеваний, вызванных вирусом папилломы человека, в национальный

календарь профилактических прививок: обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2022. 2(Т.24). С. 183-192. doi

10.34689/SH.2022.24.2.022

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.