SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫАРАСЫНДА АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ БІЛІМІ,ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/7ytqqs39

Кілт сөздер:

антибиотиктер , антибиотикке төзімділік , антибиотиктер туралы білім

Аңдатпа

Кіріспе. Микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің артуы денсаулық сақтаудың
жаһандық проблемасы болып табылады және антибиотикке төзімділік мәселесін елемеу тек медициналық ғана
емес, сонымен қатар ауыр экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Антибиотикке төзімділіктің маңызды себептерінің
бірі антибиотиктерді қолдану жиілігінің едәуір артуы болып табылады. Антибиотиктер-бұл 50% жағдайда негізсіз
қолданылатын дәрілердің жалғыз тобы.
Мақсат: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы тұрғындарының антибиотиктерді қолдану бойынша біліміне
баға беру.
Материалдар мен әдістер: 2021 жылдың қазан-желтоқсан айларында Семей қаласының тұрғындары
арасында көлденең зерттеу жүргіздік. Зерттеуге медициналық білімі жоқ қала тұрғындары қатысты.
Антибиотиктерді қолдану туралы білім көпелдік зерттеуде қолданылатын ДДҰ-ның бекітілген сауалнамасынан
бейімделген мәселелерді қолдана отырып бағаланды. Қатысушылардың жас профилі жылдардың орта жасы мен
квартильдік диапазонын есептеу арқылы жалпыланды. Қатысушылардың жалпы сипаттамаларын (жынысы, отбасы
жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамту), антибиотиктерді қолдану туралы білім және әртүрлі жағдайларда
антибиотиктерді қолдану туралы сұрақтарға жауаптар, оның ішінде категориялық айнымалылар жиіліктер мен
пайыздарды қолдана отырып жинақталды. p<0,05 статистикалық маңызды болып саналды.
Нәтижелері: зерттеуге орташа жасы 37 (IQR 35-44) болатын 159 ересек адам қатысты. Тұрғындардың 31
пайызы антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатып алдық деп жауапберді. 25,1%-ы өздерін жақсы сезінген кезде
антибиотиктерді қабылдауды тоқтату керек деп жауапберді. Респонденттердің 65,4% суықтию мен тұмауды
антибиотиктер мен емдеуге болатын жағдайлар ретінде анықтады.
Қорытынды: антибиотиктерді қолдану көрсеткіштері және оларды дұрыс қолдану туралы білім жеткіліксіз.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлері халықты антибиотиктерді дұрыс қолдану және олардың тиімсіз
пайдаланылуына зайту туралы хабарда рету үшін қажет.

Автор өмірбаяны

  • Назым Искакова

    PhD student, NCJSC «Semey medical university», Semey, the Republic of Kazakhstan

Әдебиеттер тізімі

Iskakova N.S., Khismetova Z.A., Maukayeva S.B., Suleymeneva D.M., Samarova U.S., Shah W. Knowledge, attitude

and practice of using antibiotics among the population of Semey city of East Kazakhstan region// Nauka i Zdravookhranenie

[Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 2, pp. 78-83. doi 10.34689/SH.2022.24.2.010

Искакова Н.С., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Сулейменева Д.М., Самарова У.С., Шах В. Знания, отношение и

практика применения антибиотиков среди населения города Семей Восточно-Казахстанской области// Наука и

Здравоохранение. 2022. 2(Т.24). С. 78-83. doi 10.34689/SH.2022.24.2.010

Искакова Н.С., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Сулейменева Д.М., Самарова У.С., Шах В. Шығыс Қазақстан

облысы Семей қаласы тұрғындары арасында антибиотиктерді қолдану туралы білімі, қарым-қатынасы және

практикасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 78-83. Doi 10.34689/SH.2022.24.2.010

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 7 8 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.