БУЫНДЫ ЭНДОПРОТЕЗДЕУДЕН КЕЙІНГІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚШАРАЛАР: ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/6ha30m16Кілт сөздер:
реабилитация , буынды эндопротездеу , остеоартрозАңдатпа
Кіріспе. Буындарды эндопротездеу дегенеративті буын аурулары бар науқастарды емдеудің тиімді әдісі және
сұраныс жыл сайын артып келеді. Алайда, білікті реабилитациялық шараларсыз буынның функционалдық қызметі
бұзылады.
Мақсаты: аяқ буындарының эндопротезден кейінгі оңалту шаралары туралы әдеби деректерді қарау және
талдау.
Іздеу стратегиясы: Зерттеу жұмыстары Cochrane Library, PubMed және Wiley Online Library, Scopus, Web of
Science, Google Scholar, CyberLeninka мәліметтер базасында жүргізілді. Зерттеулер осы мәліметтер базасынан
келесі түйінді сөздерді қолдана отырып таңдалды: буын / остеоартрит / артропластика / оңалту. Іздеу тереңдігі 17
жылды құрады (2003-2020). Енгізу критерийлері: мақала, рандомизацияланған және когорттық зерттеулер; метаанализдер, нормативтік құжаттар; эндопротездеу туралы ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары және оңалту
шаралары бойынша ағылшын және орыс тілдеріндегі басылымдар қарастырылды. Талдауға 83 басылым
таңдалды.
Нәтижелер мен қорытындылар: эндопротездеуден кейінгі буынның қызметін қалпына келтіру өзекті мәселе.
Пациенттер өздерінің өмір сүру сапасын, әлеуметтік және спорттық мүмкіндіктерін жақсартуы үшін
реабилитациялық шаралардың маңызы жоғары. Алайда, бүкіл әлемде реабилитациялық шаралардың бірыңғай
хаттамасы толық әзірленбеген.
Әдебиеттер тізімі
Мағауина А.К., Кумар А.Б. Реабилитационные мероприятия после эндопротезирования суставов: новые подходы
оптимизации. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 171-181. doi
10.34689/SH.2022.24.3.020
Magauina A.K., Kumar A.B. Rehabilitation measures after total joint replacement: new approaches to optimization.
Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 3, pp. 171-181. doi
10.34689/SH.2022.24.3.020
Мағауина А.К., Құмар А.Б. Буынды эндопротездеуден кейінгі реабилитациялық шаралар: оңтайландырудың
жаңа тәсілдері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 171-181. doi
10.34689/SH.2022.24.3.020
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айдана Мағауина, Айнур Кумар (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.