SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАНДА ПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ:ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/r2a7yh76

Кілт сөздер:

пульмонологиялық қызмет , респираторлық аурулар , ӨСОА , бронх демікпесі , жаһандық денсаулық

Аңдатпа

Өкпенің созылмалы аурулары дүние жүзінде ауру мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы пульмонологиялық қызметтің дамуы пульмонология саласындағы
ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жандандыруға бағытталған бірқатар маңызды ұйымдастырушылық шараларға
байланысты. Кәсіптік қызметтің кешенді бағдарламалары негізінде жүйелі түрде қолданылатын және күнделікті
тәжірибеге енгізілген ұйымдастыру-әдістемелік технологиялар мен саланы басқару жүйесін жаңғырту
пульмонологиялық тәжірибеде медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға арналған.
Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы пульмонологиялық қызметтің ұйымдастырылуын
талдау және проблемалары мен одан әрі жетілдіру перспективаларын анықтау.
Материалдары мен әдістері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық
мәліметтері талданды. Қазақстан Республикасындағы пульмонологиялық қызметтің ұйымдастырылуы құқықтық
құжаттар негізінде зерттелді. Зерттеудің библиографиялық, ақпараттық-аналитикалық және статистикалық әдістері
қолданылды.
Нәтижелер мен қорытындылар: Тыныс алу жолдарының ауруларынан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім,
әсіресе пандемия кезінде өсуде. Осыған байланысты МСАК дәрігерлерінің қызметінде ақпараттық
технологияларды және кәсіби қоғамдастықтардың ұсыныстарын қолдану дәрежесін, бронх-өкпе аурулары бар
науқастар үшін медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін негізгі ұйымдастырушылық, әкімшілік және
нормативтік құқықтық актілерден хабардар болуын талдау өте өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта науқастарға
пульмонологиялық көмекті дамыту үшін жақсы алғышарттар жасалған.

Автор өмірбаяны

  • Айнур Кумар

    PhD, Associate professor of Department of Health Policy and Management, Asfendiyarov Kazakh National
    medical university, Almaty, Republic of Kazakhstan. 

Әдебиеттер тізімі

Bazarbekova G., Aman B., Kumar A.B. Organization of the pulmonological service in Kazakhstan: problems and

prospects // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 3, pp. 30-35. doi 10.34689/SH.2022.24.3.004

Базарбекова Г.С., Аман Б.Ж., Кумар А.Б. Организация пульмонологической службы в Казахстане: проблемы и

перспективы // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 30-35. doi 10.34689/SH.2022.24.3.004

Базарбекова Ғ.С., Аман Б.Ж., Құмар А.Б. Қазақстанда пульмонологиялық қызметті ұйымдастыру:

проблемалары мен болашағы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 30-35. doi 10.34689/SH.2022.24.3.004

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.