SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫ БАР ЖАСТАРДЫҢ ЕМГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/qdq9qv19

Кілт сөздер:

жүрек-қантамыр аурулары , жастардағы ЖҚА , емге тұрақтылық

Аңдатпа

Кіріспе: Жүрек-қан тамырлары аурулары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады және
қоғам денсаулығына үлкен үлес қосады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл
сайын 17,1 миллион адам инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады, және де бұл соңғы жылдары жастарда
жиі кездеседі.
Мақсаты: Жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктерін зерттеу.
Mатериалдары мен әдістері: Зерттеуге кездейсоқ әдіспен Семей қаласының емдеу мекемелерінде есепте
тұрған 25-44 жас аралығындағы жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттер қатысты. Зерттеу
дизайны – көлденең зерттеу. Зерттеу әдістері: әлеуметтік, статистикалық. Статистикалық критерийлерді таңдау
талданатын айнымалылардың типіне байланысты болады. Стьюденттің t-критерийі мен бір факторлы дисперсия
талдауы қолданылды. 0,05-тен аз p мәні маңызды болып саналды. Барлық талдаулар IBM SPSS Statistics 25
бағдарламасын қолдану арқылы жасалды.
Зерттеу нәтижесі: Сауалнамаға 25 пен 44 жас аралығындағы ЖҚА бар 294 пациент қатысты, олардың
орташа жас мөлшері 38,4 жасты қамтыды. 105 (35,7%) ер адам, 189 (64,3%) әйел адам қатысты. Ұлты бойынша 219
(74,5%) қазақтар, 62 (21,1%) орыстар және 13(4,4%) басқа ұлттағы пациенттер қатысты. Біздің зерттеу мәліметтері
бойынша, 3 (1%) пациентте емге тұрақтылықтың төменгі деңгейі болды, 154 (52,4%) пациентте орташа деңгей
болды, ал емге тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін 137 (46,6%) пациент көрсетті. Емге тұрақтылықтың түрелері
бойынша да орташа деңгейдегі пациенттер көп болды.
Қорытынды: Сонымен, жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктері
анықталды. Жас топтары бойынша, жалпы емге тұрақтылық, эмоционалдық емге тұрақтылық және мінезқұлықтық емге тұрақтылық бойынша 25-40 жастағы ЖҚА пациенттерінің емге тұрақтылығы 30-44 жастағыларға
қарағанда төмендеу екен. Жас пациенттердің статусы бойынша, жұмысшылар мен кәсiпкерлерде басқаларынан
қарағананда емге тқрақтылықтың деңгейі төмен болды. Барлық емге тұрақтылық түрелері бойынша үнемі
медициналық тексеруден өтетін пациенттердің емге тұрақтылығы үнемі медициналық тексеруден өтпейетін
пайиенттерге қарағанда жоғары болды.

Автор өмірбаяндары

  • Гульбаршын Мукашева

    «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторант, КеАҚ
    «Семей медицина университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы.

  • Толкын Булегенов

    https://orcid.org/0000-0001-6145-9649

Әдебиеттер тізімі

Мукашева Г.Д., Булегенов Т.А., Омаров Н.Б., Жусупов С.М., Ван О.Т. Жүрек-қантамырлар аурулары бар

жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 115-124. doi

10.34689/SH.2022.24.4.015

Mukasheva G.D., Bulegenov T.A., Omarov N.B., Zhussupov S.M., Van O.T. Features of adherence to treatment of

young persons with cardiovascular diseases // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 4, pp. 115-

124. doi 10.34689/SH.2022.24.4.015

Мукашева Г.Д., Булегенов Т.А., Омаров Н.Б., Жусупов С.М., Ван О.Т. Особенности приверженности к лечению у

лиц молодого возраста с сердечно-сосудистыми заболеваниями // Наука и Здравоохранение. 2022. 4(Т.24). С. 115-

124. doi 10.34689/SH.2022.24.4.015

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-16

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 7 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.