SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АДАМНЫҢ ҚАҢҚАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ ФРАГМЕНТТЕЛГЕН СҮЙЕКТЕРДІ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ҚАЙТА ҚҰРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/2wvp8h76

Кілт сөздер:

сүйек , бас сүйек , фрагментация , деструкция , сүйек тінін қайта құру

Аңдатпа

Кіріспе. Сүйек қалдықтарын ұзақ уақыт көму көбінесе олардың бөлінуіне себеп болады. Қаңқа сүйектерін алу
және полиция органдарымен тасымалдау кезінде сынғыш сүйек тіндері де жойылуы мүмкін. Осы жұмыс адамның
қаңқалық сүйектеріне сот-медициналық сараптама жүргізу үшін термопластикалық желімнің көмегімен бас
сүйектерін өлімнен кейінгі қайта құру әдісін қолдану мүмкіндігіне арналған.
Зерттеудің мақсаты: сүйек тінінің нашар сақталған адам қаңқасын сараптау кезінде термопластикалық
желімнің көмегімен бас сүйек сүйектерін өлімнен кейінгі қайта құру әдісін пайдалану мүмкіндігін бағалау.
Әдістері. Зерттеу нысаны 2016-2021 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан аумағында табылған 14
қаңқаланған мәйіттің сүйегі болды.
Нәтижелері. Зерттелетін 14 адамның бас сүйектерін медициналық-сот сараптамасында термопластикалық
желімді қолдана отырып, фрагменттелген сүйектерді өлімнен кейінгі қайта құру әдісі сипатталған.
Қорытынды. Термопластикалық желімді қолдана отырып, сүйек фрагменттерін қолмен желімдеу арқылы
адамның бас сүйегін өлімнен кейінгі қайта құру - қаңқалық қалдықтар мен бас сүйегінің нашар сақталған
сүйектерін зерттеудің ең инвазивті емес әдісі. Бұл әдіс сүйек қалдықтарының фрагментациясы жағдайында,
қалпына келтірудің басқа әдістерін қолдану мүмкін болмаған кезде және қаңқа сүйектерінің жыныстық және
нәсілдік құрамын, жасын, тірі және өлімнен кейінгі зақымдануының сипатын анықтау үшін тиісті зерттеулер
жүргізуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

  • Сауле Мусабекова

    медицина ғылымдарының кандидаты, Акционерлік емес қоғам “Қарағанды
    Медицина Университетінің” патология кафедрасының профессоры, жоғары санатты сот-медициналық сарапшы

Әдебиеттер тізімі

Мусабекова С.А., Стоян А.О. Адамның қаңқалық қалдықтарын зерттеу кезінде фрагменттелген сүйектерді

өлімнен кейінгі қайта құру мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 137-142. doi

10.34689/SH.2022.24.6.018

Mussabekova S.A., Stoyan А.О. Possibilities of postmortal reconstruction of fragmented bones in the study of human

skeletonized remains // Nauka i Zdravookhranenie [Science &Healthcare]. 2022, (Vol.24) 6, pp.137-142. doi

10.34689/SH.2022.24.6.018

Мусабекова С.А., Стоян А.О. Возможности постмортальной реконструкции фрагментированных костей при

исследовании скелетированных останков человека // Наука и Здравоохранение. 2022. 6(Т.24). С. 137-142. doi

10.34689/SH.2022.24.6.018

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-14

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.