ГИРШПРУНГ АУРУЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ДИАГНОСТИКАӘДІСТЕРІНІҢ ЗАМАНАУИ КӨРІНІСТЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/jr07h306Кілт сөздер:
іш қату , энтероколит , Гиршпрунг ауруы , радикалды хирургия , кальретинин , RET протоонкогенАңдатпа
Кіріспе: Гиршпрунг ауруы - реконструктивті хирургиялық емді қажет ететін күрделі туа біткен патология болып
табылады. Нейрокристопатия тобына жататын мультигенетикалық ауру. Гиршпрунг ауруының дамуындағы
этиопатогенетикалық фактор, ішектің энтеральды жүйке жүйесінің дамуының аганглиоз түрінде бұзылуы.
Балалардағы Гиршпрунг ауруы туралы заманауи көзқарастарды, сондай-ақ иммуногистохимиялық зерттеу мен
ауруды емдеуді қолдана отырып диагностиканың заманауи әдістерін көрсететін әдебиеттерге талдау жасалды.
Зерттеу мен хирургиялық емдеудің жаңа әдістерін енгізу әлі де күрделі және біртекті емес болып қалуда.
Мақсаты: Гиршпрунг ауруының патогенезі, жаңа туған кезеңдегі аурудың клиникалық ерекшеліктері мен
диагностикалық әдістері туралы қазіргі әдебиеттерге шолу жасау.
Іздеу стратегиясы: Мақала жазуға арналған материалдарды іздестіру мен талдау PubMed, Scopus, Web of
Science, Journal Neonatology, Journal Pediatrics, Journal of Maternal-fetal and neonatal medicine, BMC
(biomedcentral.com) веб-сайттарда жүргізілді. Іздеу жұмыстарының тереңдігі соңғы 15-20 жылдағы мәліметтерді
қамтыды. 110 – нан астам әдеби дереккөздердің 74 – і осы мақалаға аналитикалық материал ретінде таңдалды.
Нәтижелер: Гиршпрунг ауруы- нейрокристопатияға жататын ішек түтігінің күрделі туа біткен патологиясы.
Күрделі генетикалық аспектілері бар, басқа туа біткен және хромосомалық патологиялармен бірге кездесуі мүмкін.
Қорытынды: Жаңа туылған нәрестелер мен шала туылған нәрестелерде нейрондардың сараланбауы және
жетілмеуі, ганглион жасушаларын анықтауда қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан ганглион жасушаларын, тек
олардың сыртқы түріне қарап анықтау оңай міндет болып табылмайды. Кальретининмен иммуногистохимияны
қолдану Гиршпрунг ауруына күдік туындаған кезде гистопатологиялық зерттеу үшін өте сезімтал және ерекше
диагностикалық құрал болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Каукенбаева Г.Т., Ахпаров Н.Н., Боранбаева Р.З., Аипов Р.Р., Тәсібекова Г.Т., Калабаева М.М., Алтынбаева Г.Б.
Современные представления развития и методов диагностики болезни Гиршпрунга. Обзор литературы // Наука и
Здравоохранение. 2023. 2(Т.25). С. 216-224. doi 10.34689/SH.2023.25.2.028
Kaukenbayeva G.T., Akhparov N.N., Boranbayeva R.Z., Aipov R.R., Tasibekova G.T., Kalabaeva M.M., Altynbaeva G.B.
Modern understanding of the development and methods of diagnosis in Hirschsprung's disease. Literature review // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 2, pp. 216-224. doi 10.34689/SH.2023.25.2.028
Каукенбаева Г.Т., Ахпаров Н.Н., Боранбаева Р.З., Аипов Р.Р., Тәсібекова Г.Т., Калабаева М.М., Алтынбаева Г.Б.
Гиршпрунг ауруының дамуы мен диагностика әдістерінің заманауи көріністері. Әдебиеттерге шолу // Ғылым және
Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 216-224. doi 10.34689/SH.2023.25.2.028
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Гульмира Каукенбаева, Нурлан Ахпаров, Риза Боранбаева, Расулбек Аипов, Гауһар Тәсібекова, Мөлдір Калабаева, Гульмира Алтынбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.