ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА 2014 ЖӘНЕ 2019 ЖЫЛАРАЛЫҒЫНДА ЛЕЙКЕМИЯНЫҢ ЖАҺАНДЫҚАУЫРТПАЛЫҒЫНЫҢ ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/qwnax633Кілт сөздер:
лейкемия , эпидемиология , YLL , YLD , DALY , Орталық Азия , аурулардың жаһандық ауыртпалығыАңдатпа
Кіріспе: Лейкемия – негізгі төрт түрі бар және адам денсаулығына қауіп төндіретін кең таралған қатерлі ісік.
Әлем бойынша лейкемияның эпидемиологиялық мәртебесін және оның негізгі төрт түрін ұғыну тиісті ресурстарды
бөлу, клиникалық тәжірибе басшылығы үшін және ары қарай зерттеу жүргізу қажеттілігі үшін маңызды.
Мақсаты: Орта Азия елдері арасында 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемияның жаһандық ауртпалығы
деректерін талдау.
Материалдар және әдістер: 2014-2019 ж. аралығында «Аурулардың жаһандық ауыртпалығы» (GBD 2019)
деректер базасын пайдаланумен лейкемия ауыртпалығының негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Біз аурудың
таралуына мүгедектікке бейімделген өмір жылы (DALY) қатынасы, аурудың таралуына қатынасы және
мүгедектікпен сүрген өмір санына (YLD) жоғалтқан өмір жылдарының (YLL) қатынасы секілді 3 қайталанған
көрсеткішті есептедік.
Нәтижелерi: 2014 және 2019 жыл аралығында жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, Грузия, Әзірбайжан және
Армения секілді елдер арасында YLL, DALY жоғары көрсеткіштері тіркелген. YLD көрсеткішіне қатысты ең жоғары
көрсеткіш Ресей Федерациясында тіркелген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында YLD көрсеткішінің жыл
сайын өсу тенденциясы байқалып жатқанын атап өткен маңызды. YLL, DALY көрсеткіштері бойынша лейкемия ауыртпалығы төмендеуінің елеусіз тенденциясы байқалады, Қазақстан Республикасында 2014-2019 жыл
аралығында орташа жылдық пайыздық өзгерістер (AAPCs) - 1.34%-дан 1.38%-ға дейін өзгерді.
Қорытындылар: 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемия ауыртпалығының едәуір төмендегені байқалды.
Алайда 2019 жылы YLD көрсеткіші Орта Азияның кейбір елдерінде едәуір ұлғайған, бұл лейкемияның қоғамдық
денсаулық сақтау ұйымының маңызды жаһандық мәселесіне айналуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік
береді.
Әдебиеттер тізімі
Атабаева А.К., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Алиева Ш.У., Анартаева М.Ұ., Ахметова К.М., Борщук Е.Л.
Анализ распространенности глобального бремени лейкемии среди стран Центральной Азии с 2014 по 2019 годы //
Наука и Здравоохранение. 2023. 2(Т.25). С. 120-127. doi 10.34689/SH.2023.25.2.017
Atabayeva A.K., Khismetova Z.A., Makaeva S.B., Aliyeva Sh.U., Anartaeva M.U., Akhmetova K.M., Borshchuk Ye.L.
Analysis of the prevalence of the global burden of leukemia among Central Asian countries from 2014 to 2019 years // Nauka
i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 2, pp. 120-127. doi 10.34689/SH.2023.25.2.017
Атабаева А.К., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Алиева Ш.У., Анартаева М.Ұ., Ахметова К.М., Борщук Е.Л. Орта
азия елдері арасында 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемияның жаһандық ауыртпалығының таралуын талдау
// Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 120-127. doi 10.34689/SH.2023.25.2.017
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Алия Атабаева, Зайтуна Хисметова, Сауле Маукаева, Шолпан Алиева, Мария Анартаева, Камила Ахметова, Евгений Борщук (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.