ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫИНСУЛЬТТІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/c1pbgh08Кілт сөздер:
инсульт , инсульт эпидемиологиясы , аурушаңдық , өлім-жітімАңдатпа
Кіріспе. ДДҰ деректері бойынша жүрек - қантамырлары ауруларынан (бұдан әрі- ЖҚА) 2019 жылы 17,9 млн.
адам қайтыс болған, бұл жалпы өлім себептері құрылымының 31% - ын құраған, бұл көрсеткіш 2000 жылы 16% -
ды құраған болатын. Аталмыш өлімнің 85% жағдайы инфаркт және инсультпен байланысты. Инфекциялық емес
аурулардан келетін экономикалық шығындар әлеуметтік-экономикалық даму үшін жаһандық кедергілерді келтіреді.
Есептеулер бойынша, өлім-жітім 10% - ға артқан кезде экономикалық өсім 0,5% - ға төмендейді [3]. Жүрекқантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім 2030 жылға қарай 23,6 миллионнан астамға артады деп болжануда.
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан бөлек инсульт әлемде жүрек ауруынан, қатерлі ісік, респираторлық аурулар
және абайсызда болатын жарақаттардан кейінгі өлім-жітімнің 5-ші себебі болып табылады. Дүние жүзінде 1990
және 2013 жылдар аралығында ЖҚА-на байланысты өлім-жітім шамамен 41,7%-ға өсті, сонымен қатар сол 2013
жылы инсульттан 6,5 миллион адам қайтыс болған және инсульт жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі өлімнің
екінші себебі болды [11].
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша инсульттан болатын алғашқы
сырқаттанушылық пен өлім-жітімді зерделеу.
Зерттеудің материалдары мен әдістері: «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық
сақтау ұйымдарының қызметі» статистикалық жинақтары бойынша 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының аймақтары бойынша инсульттан болатын өлім-жітімнің салыстырмалы ретроспективті талдауы
жүргізілді [15], соның ішінде Mediform [5],
Нәтижелер: Қазақстанда инсультпен сырқаттанушылық 100 000 халыққа шаққанда 2011 жылы 189-дан 2020
жылы 433,7-ге дейін 2,3 есеге артады. 2020 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 433,7 құрады.
Өңірлер бойынша 100 000 халыққа шаққанда инсультпен сырқаттанушылық көрсеткіші Шығыс Қазақстан
облысында басым (625). Ал ең төменгі көрсеткіш Атырау (221), Ақтөбе (249) және Алматы (279) облыстарында
тіркелді. Өлім-жітім динамикасы салыстырмалы түрде төмендегенін байқауға болады. 2011 жылмен салыстырғанда
2020 жылы (78,49) 15 пайызға төмендеген. 2011 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 92,36-ға тең
болды. Бұл зерттелетін уақыт аралығының максималды нүктесі. Ең төменгі өлім көрсеткіші 2012 жылы (51,53)
тіркелді.
Қорытынды. Осылайша, Қазақстанда зерттеу кезеңінде (2011-2020 ж.) динамикада инсульттен болатын өлімжітімнің төмендеуі байқалады. Артериялық гипертензия мен қант диабетін анықтауға арналған скринингтік
бағдарламаны енгізудің арқасында Қазақстанда инсультпен аурушаңдық көрсеткіші күрт өсті.
Әдебиеттер тізімі
Kairatova G.K., Kuanyshkalieva A.S., Rakhmetova V.S., Kaskabayeva А.Sh., Khismetova Z.A., Smailova D.S.,
Epidemiology of stroke in the Republic of Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 5,
pp. 105-112. doi 10.34689/SH.2022.24.5.014
Кайратова Г.К., Куанышкалиева А.С., Рахметова В.С., Каскабаева А.Ш., Хисметова З.А., Смаилова Д.С.
Эпидемиология инсульта в Республике Казахстан // Наука и Здравоохранение. 2022. 5(Т.24). С. 105-112. doi
10.34689/SH.2022.24.5.014
Кайратова Г.К., Куанышкалиева А.С., Рахметова В.С., Каскабаева А.Ш., Хисметова З.А., Смаилова Д.С.
Қазақстан Республикасындағы инсульттің эпидемиологиясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 105-
112. doi 10.34689/SH.2022.24.5.014
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Гульназ Кайратова, Асылжан Куанышкалиева, Венера Рахметова, Алида Каскабаева, Зайтуна Хисметова, Дарига Смаилова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.