SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СӘУЛЕЛЕНГЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ЖІҢІШКЕ ІШЕГІНІҢМОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/em1xk920

Кілт сөздер:

радиобелсенді 56Mn , асқазан-ішек синдромы , ішек жасушалары , морфометрия

Аңдатпа

Кіріспе. β– мен γ–сәулелеу әсеріне душар болғандардың көптеген бүліндіргіш салдарымен
қоса асқорыту жүйесіне да ерекше мән бөлінеді. Жапон қалаларындағы атомдық бомбалаудың
салдарын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі нейтронды–белсенді Марганец–56 (56Mn)
рaдионуклидінің басым рөлі заманауи жағдайда зор қызығушылық арттырады.
Зерттеу мақсаты. Шағын дозалы β– мен γ–сәулелеу әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың
жіңішке ішегіндегі морфометриялық көрсеткіштерді анықтау және салыстыру. 

Материалдар мен әдістер. Тәжірибе жүзінде «Вистар» тұқымды 270–350 гр салмағы бар
аталық және аналық жынысты 90 егеуқұйрық пайдаланылған. 3 топқа іріктеу жүргізілді: 1) 56Mn,
яғни 100 мг MnО2 ұнтағын «Байкал–1» атом реакторы арқылы 4×1014 н/cм² нейтрон флюенсінде
нейтрондық белсендіру жүзінде алынған элемент; 2) 60Cо γ–сәулелеу; 3) бақылау тобы.
Жануарларға сәулелеуден кейін 3–ші, 14–ші және 60–шы тәуліктерде некропсия жүргізу
барысында жіңішке ішегін алып, 10%–тік формалинде фиксацияладық. Тін фрагменттерін
парафинге құйып, қалыңдығы 4 мкм көлденең сериялық кесінділер дайындап, әрі қарай
гематоксилин мен эозинмен (H&Е) боядық. Стереоскопиялық өзгерістер жүзінде Автандиловтың
окулярлық өлшегіш тор сызығы бар микрофотометриялық жүйесі қолданылған. Әрбір
микропрепаратта 181 нүктелі жиынтық көлемі жүзінде 20 алаңы есептелген. Зерттеу
нәтижелерінің статистикалық өңдеуі «SPSS 2.0» қолданбалы бағдарламаның лицензияланған
пакеттері көмегімен жүзеге асырылған. Бүкіл зерттелген сандық көрсеткіштердің статистикалық
өңдеуі кезінде олар орташа көрсеткіш (М) және медиана (Ме), сондай-ақ квартиль аралық
интервал (ІQR) жүзінде сипатталған. Зерттеуге алынған факторлардың әсерін салыстырмалы
түрде бағалау барысында Краскел-Уоллистің Н-өлшемі қолданылған. Нөлдік статистикалық
гипотеза нақтылығының критикалық деңгейі 0,05-ке тең деп саналған.
Нәтижелер. Эксперименттік жануарлар жіңішке ішегінің құрылымдық жағдайын анықтайтын
гистологиялық зерттеу әдістері кешеуілдеу мерзімі аясында туындаған айқын
гистоморфологиялық өзгерістердің реактивті және деструкциялық сипатын көрсеткен. 56Mn
әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың зерттеуге алынған ағзасында қалыптасқан ерте және
кешеуілдеу мерзімі аясындағы тіндік құрамының өзгеруі, негізінен 60Cо әсеріне қарағанда, ішкі
иондаушы сәулелеудің анағұрлым улы және сенсибилизациялаушы ықпалын білдіреді.
Нейтронды-белсендірілген марганец диоксиді мен сыртқы иондаушы сәулелеудің
егеуқұйрықтардың ішкі ағзаларына әсерін салыстырмалы түрде бағалау барысында,
морфометриялық әдісті қолдану арқылы сәйкес сандық көрсеткіштер көмегімен кешеуілдеу
мерзімі аясында басқа тәжірибелік топтардағы жануарлар ағзаларында аңғарылған
патологиялық өзгерістермен салыстырғанда, айқын дистрофиялық, қабынулық пен некроздық
үдерістердің 56Mn әсерінен кейін жүзеге асатыны дәлелденген. Жіңішке ішектің зерттелген
параметрлері әсер ету факторлар топтары мен бақылау топтары арасында статистика жүзінде
мәнді екені аңғарылған (р<0,001). Сілемейлі қабықшаның қалыңдығы бойынша анағұрлым
айқын айырмашылық белгілері бақылау топтарына қарағанда,
56Mn әсерінен кейін 6,3 мкм-ге, ал
60Cо экспозициясынан кейін 6,25 мкм-ге қалыңдағаны анықталған. Ішек бүрлеріндегі
энтероциттер саны I-ші топта – 17,39%-ға, ал II-ші топта – 3,99%-ға азайғаны құпталған.
60Cо
әсерінен кейін лейкоциттер саны бақылау тобымен салыстырғанда 4,76%-ға, ал 56Mn әсерін
алғандарда 3,77%-ға жоғарылағаны дәлелденген. Лимфоциттер саны бойынша анағұрлым
айқын ауытқулар γ–, содан соң β–сәулелеуден кейін байқалған.
Қорытынды. Сонымен, егеуқұйрықтардың жіңішке ішігіне 56Mn әсері морфометриялық
көрсеткіштермен расталатын β–сәулелену қаупінің жоғары деңгейін көрсетті.

Автор өмірбаяны

  • Дархан Узбеков

    РhD, assіstant of Dерartmеnt оf Рathоlоgіcal anatоmу and Fоrеnsіc mеdіcіnе
    оf Sеmеу Mеdіcal Unіvеrsіtу, Sеmеу, Kazakhstan. 

Әдебиеттер тізімі

Узбеков Д.Е., Шабдарбаева Д.М., Чайжунусова Н. Ж., Альмисаев К.А., Узбекова С.Е., Сапоров Р.M.,

Aпбасова M.M., Хоши M. Морфометрические показатели тонкой кишки облученных крыс / / Наука и

Здравоохранение. 2018. 3 (Т.20). С. 5-19.

Uzbеkоv D.Е., Shаbdаrbаеvа D.M., Chaіzhunusоva N.Zh., Almissaev K.A., Uzbеkоva S.Е., Saporov R.M.,

Apbasova M.M., Hоshі M. Morphomеtrіc іndіcators of thе small іntеstіnе of іrradіatеd rats. Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 3, pp. 5-19.

Узбеков Д.Е., Шабдарбаева Д.М., Чайжунусова Н.Ж., Альмисаев К.А., Узбекова С.Е., Сапоров Р.M.,

Aпбасова M.M., Хоши M. Сәулеленген егеуқұйрықтар жіңішке ішегінің морфометриялық көрсеткіштері / /

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 3 (Т.20). Б. 5-19.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 4 5 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.